Сан жетпес байлықтан – бір таза жүрек артық.

Мыңдаған бос сөзден – бір шындық сөз артық.

Көп атақ-абыройдан – бір шымшым иман артық.

«МЫҢ СӨЗДЕН БІР ФОТО АРТЫҚ» дейді екен қытайлар. Айта берсек бізде даналық даламыздан көп!

Бұйыртса Арыстық апаларымыздың тектілігі, сабырлығы, қиналған тағдырлардың шүкіршілігі мен мейірімді жандардың көптігі жайлы мақала жарық көрмек.

Арыста болған үлкен апаттан жапа шеккен жерлестеріміз бүгін өз үйлеріне қайтты. Өкінішке орай үйлері толық құлап қалған азаматтар да бар. Олар №1 Ержепбай Молдабаев атындағы орта мектебінде жайғастырылып жатыр екен. Азық-түліктер қаланың орталығындағы қоймаларға жиналып, әлі де Арысқа көптеген қажетті азықтар мен заттар тоқтаусыз жүк көліктермен келуде.

Апаттан кейінгі төрт күн Арыстық азаматтардан бөлек өңіріміздің, еліміздің барлық облысына үлкен сынақ болды. Облыстарымыздың барлығы өз көмектерін тонналап жіберді. Қарапайым халық та жапа шеккен отандастарына үлкен көмек көрсетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болды.

Барлық мемелекеттік мекемелеріміз (дәрігерлер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылар, қаржыгерлер, заңгерлер т.б.), кәсіпкерлер, мейрімді қазақ халқы, көрші елдеріміз Арыс азаматтарының хәлін түсініп, уақытша қиыншылықтарын жеңілдетуді түсінді, тіледі, қалады. Әрине, көмек көрсетудің ара-арасында болып жатқан кемшіліктер де болды. Айтып келмейтін қиындықты қателіксіз жеңіп шығу мүмкін еместігін біраз адамдар түсінді. Санасын бұрын жоғалтып алғандар арандатушылық жасаумен қолдары, бастары босамады. Жақын арада арандатушылардың да жүректері жақсылыққа бұрылып қалар. Үміт үзбейік. Ол кісілерді Алла өзі кешірсін.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа Арыс азаматтарының абыройы, амандығы маңызды болды. Апат болған күні халықпен бірге болып, хал-жағдайларына жетік мән беріп, болған жағдайды тез арада ретке келтіретінін айтқан болатын. Сөзінде тұрды. «Апат айтып келмейді» деген осы екен.

Қысқаша айта келе, көмек, мейрімділік «соғысында» жан-жақты күрес жүргізіліп жатты. Осы «соғыста» жеңіске жету оңайға соқпайтынын барлығымыз білдік. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы үлкен ауыртпашылықты ердей көтерді. Әлі де көтеріп келеді. Алла разы болсын!

Түркістан облысы әкімдігінің тікелей тапсырмасымен, кеңесімен көптеген өңірлік мекемелер көмекке келді. Оның ішінде жоғарыда айтылған маман иелерінің барлығы көмекке жұмыла кірісті. Қаржылық ұйымдар арасында да штаб құрылды. Құрамына: «Shymkent» ӘКК» (СПК), «Оңтсүтік» АИО» мен «Ырыс» МҚҰ» т.б. мекемелердің 40-тан қызметкерлері топтасты. Мысалы, «Оңтүстік» пен «Ырыс» қызметкерлері (120 адам) өз жалақыларынан бөлген 4,5 миллион теңгеге: 7500 банка консервалық тағам, 2 тонна азық-түлік, 10 тонна таза су, 3000 нан, 500 дана ішкі киім, 200 шлепка, 120 халат пен көйлек сатып алынды

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.