Ауыр жарақат алған Қанат Ислам (25-0) екі жыл астам уақыттан соң рингке қайта оралды. Доминикалық Хулио Де Хесусты (27-1) 14-ші секундта құлатып қойды. Қанекеңе жылдар бойы жиналып қалған күш қарсыласын сұлатып түсірді.
Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өткен бокс кешінде барлық қазақ боксшылар жеңіске жетті. Бокстаға батырларымызды қолдап жүрген Берік Уәли ағамызға рахмет!