Жаңалықтарда айтылып жатқандай барлық облыстарымыздан көмектер ағылып келуде. ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен тосыннан болған апат салдарынан зардап шеккен Арыс халқына қолдау білдіру мақсатында «Сыр елі Арыспен бірге» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлының тапсырмасымен бастау алған акция аясында облыстағы мешіт қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс халқына көмек ретінде аударды.

Өздеріңіз білетіндей Арыстағы апаттан зардап шеккен арыстықтарға бүкіл қазақстандық қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.

Діни басқармаға қарасты Сыр өңіріндегі мешіттер қызметкерлерінің үндеуіне үлес қосып, бірлік таныта білген Қызылордалық жамағаттың аманатын ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі О.Жидебаев және облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Р.Ешмахан Арыстықтарға табыстап, тілеулес бауырларының сәлемін жеткізді.

Және де «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд. 200 мыңнан астам қаржы жиналды.

Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылған болатын. Қоймадан тікелей көрсетілімді www.barlau.kz/company/tx/сайтынан көруге болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.