Арыста болған қайғылы жағдай барлық жерлестерімізге ауырға соқты. «Жұмыла көтерген жүктің жеңіл» болатынын білген халық екенімізді дәлелдеп жатырмыз. Барлық саланың мамандары қолдан келген көмектерін көрсетіп жатқан жайы бар. Қарапайым халық та көмек көрсетуде үлкен жұмыстар атқаруда. Көптеген лауазымды тұлғалар, депутаттар, бизнесмен ағаларымыз да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанын көрдік. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының да Арыс қаласының азаматтырының қамқорлығын басты назарда ұстап, жығылған жұрттың жанында жүр.
Бүгін, Шымкент қаласында қаржыгерлерден құралған азаматтар штабы өз жұмысын бастап кетті. Және де «ТҮРКІСТАН» атты қор ашты. Әкімшілік, «СПК», «Оңтүстік» АИО» мен «Ырыс МҚҰ» басқа да қаржылық басқармалардың қызметкерлері, Арыс азаматтарын керек заттармен қалай тиімді, тез және таза қамтуы ақылдасып алды. Мектептерде болып жатқан ретсіздікті реттеуге де мән беру керектігін ескерді. Штаб кестесі бойынша зардап шеккен азаматтардың тізімі күніне екі рет жаңартылып отырмақ.
Қаржыгерлерден құралған көмек тобы, Түркістан мен Шымкент қалаларында орналасқан барлық лагерлерде қызмет жасайтын болады.
*Корпоративный фонд социального развития «Түркістан»*
БИН 100440016000
АО «ForteBank»
ИИК KZ7196528F0007014540
БИК IRTYKZKA
АО «Halyk Bank»
ИИК KZ886010001000002491
БИК HSBKKZKX
1) Карта «Halyk Bank Visa Instant» *4031 6708 2224 4526* (через портал homebank.kz)
2) Карта «Forte Bank Visa» *4042 4583 0000 0843* DAURENBEK KURBANIYAZOV (через портал forte.bank)