Түркістан облысы полицейлері бір күннің ішінде жоғалған жылқыларды табылды, деп хабарлайды q-content тілшісі ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сүйене отырып.
Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында, түнгі уақытта үйінің ауласында бос жүрген барлығы 4 бас жылқысын белгісіз жағдайда жоғалтып алғанын көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллионға жуық теңгені құрады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркеледі. Орын алған дерек бойынша Қазығұрт АПБ-нің ЖПҚ УПИ қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. Жоғалған жылқыларды табуға тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, жақын аймақтарда іздестірілу жұмыстары жасалады. Нәтижесінде, жергілікті тұрғынның жоғалған малдары Қазығұрт елді-мекені, Келес өзені бойында жайылып жүрген жерінен табылып, қолхат арқылы заңды иесіне қайтарылған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде өсіріп, баптап отырған жылқыларын тауып берген полицейлерге арызданушы тұрғын алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. «Шағым түсірген уақытта, тез арада іске кірісіп, қырағылықтары мен кәсіби шеберліктері арқылы маған көмектесе алды, бір күн болмай тұрып, тауып берді ризамын аудандық полицейлерге», — дейді қария Қазығұрттық полицейлерге өз ризашылығын білдіріп. Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға малдарыңызды бос жібермей, қорада ұстауды немесе жайылымда қараусыз қалдырмай, бақташы жалдауды, төрт-түлігіңіздің ұрылардың қолына түспейтіндей етіп қауіпсіздік шараларын жасауды назарға алу керектігін ескертеді. Срндай-ақ малдарыңызға уақытылы ен-таңбаларын салдырып отыруға кеңес береді. Ал малыңыз ұрланып немесе осындай қылмыстың куәсі болсаңыз, тез арада полицейдің «102» телефонына хабарласыңыздар. Тез арада берілген ақпарат, қылмыстың ізін суытпай ашуға негіз бола алады.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға малдарыңызды бос жібермей, қорада ұстауды немесе жайылымда қараусыз қалдырмай, бақташы жалдауды, төрт-түлігіңіздің ұрылардың қолына түспейтіндей етіп қауіпсіздік шараларын жасауды назарға алу керектігін ескертеді. Срндай-ақ малдарыңызға уақытылы ен-таңбаларын салдырып отыруға кеңес береді. Ал малыңыз ұрланып немесе осындай қылмыстың куәсі болсаңыз, тез арада полицейдің «102» телефонына хабарласыңыздар. Тез арада берілген ақпарат, қылмыстың ізін суытпай ашуға негіз бола алады.