Түркістан облысында мал шаруашылығы жыл санап өсіп келеді. Мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер арқасында өз шаруасын жоғары дөңгелетіп жүргендер қатары көп.
УАҚ, ІҚМ айналысатын кәсіпкерлердің бүгінгі жағдайы жақсы. Малдарына беретін жем-щөбі де жеткілікті. Биылғы жылы жауынды жылдардың біріне жатқызуға болады.
Түркістан облысы, Төлеби және Сайрам аудандарына баспасөз туры ұйымдастырылды. Баспасөз туры барысында тілшілер тобы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Тілшілер тобы Төлеби аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өз ісін ашу үшін, яғни ірі қара мал басын көбейтуге «Бастау бизнес» жобасы бойынша 4 миллион теңге көлемінде несие алған Есімхан Далмирзаевтың шаруа қожалығына барды. Қазіргі таңда ол бизнес жоспарына сәйкес, 16 бас ірі қара алып, жұмыс жасауда. Тұрақты жұмысқа бір адам қабылданған.