Келес ауданы Арыс қаласындағы тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қала тұрғындары таңертең мен түскі уақытта қызмет жасап жүрген Келес тазалық қызметкерлеріне өз алғыстарын айтуда. Күнделікті күл-қоқыс қазіргі таңда 20 тоннадан кем шығып жатқан жоқ.
Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 8-ші секторға жауапты Мақтаарал ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының ерікті азаматтары өздерінің үлкен үлесін қосуда.
Негізгі жұмыстардың бірі – көшелерді қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстан тазалау болғандықтан бөлінген аумақтағы жұмыстардың жүргізілу деңгейі жақсы. Бұл мақсатта 8 секторға қарасты көшелер мен жеке тұрғын үй аулаларында 2 камаз жүк көлігі мен арнайы жүк тиегіш автокөлігі (погрузщик) тынымсыз жұмыс істеуде.
Арыс қаласындағы Сайрам ауданы мен Маңғыстау облысына бекітіліп берілген 4-ші секторда тазалық жұмыстары басталды. Құрылысшылар үйлердің аулаларын, көшелерді ескі құрылыс материалдарынан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартуды қолға алды. Айта кету керек, Арыстағы 4-ші сектордағы үйлердің саны — 331. Оның 279-ы зақымданған. 4 үй тұруға жарамсыз болып танылған. Бас-аяғы 60-тан астам жұмысшы тиісті жұмыстардың 90%-ын аяқтаған. Сонымен қатар, 4-ші сектордағы тұрғындардың алды тиісті 100 мың теңгелерін де ала бастаған.