Кемшіліктердің жүйелілігіне байланысты, Департаменттің бастамасымен аталған салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіні жеткізілді. Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратының қызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Бүгінгі кездесуге қатысқан Департамент басшысының бірінші орынбасары Асанұлы Ғанижан қоғам арасында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын басшылыққа алып өмір сүру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңызды құралы екенін атап өтуге болады.
Мысалы, 150-ге жуық қызметкерлер қатысқан кездесуде әлеуметтік салаларда, оның ішінде көп балалы отбасыларға жәрдемақыны белгілеу, жер учаскілерінің нысаналы мақсатын өзгерту мен мектептерде заңсыз ақша жинау туралы ақпараттар Департаменттің «WhatsApp» желісіндегі сенім телефонына көптеп келіп түсіп жатқандығы айтылып отыр.
Сондай-ақ, тексеру жұмыстарын жүргізуге барған қызметкерлерге сыйлық беруге және қызмет көрсетуге болмайтыны қатаң ескертіліп, заңбұзушылыққа жол бергендер жауапкершілікке тартылады.
Жиынды қорытындылаған Ғ.Асанұлы мемлекеттік қызметшілерді сеніп тапсырылған міндетті жоғары абыроймен атқаруға үндеп, өз іс-әрекеттерімен киелі өңір атына кір келтірмеуге шақырды.