«Nur Otan» партиясы «Qutty meken» партиялық жобасы аясында Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшелері ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жұмысына сараптамалық жұмыстар жүргізді. Төлеби аудандық құрылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Киелітас елді мекеніндегі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, Ленгер қаласындағы №1 мектеп-гимназиясы, №5 мектеп-гимназиясы, Ақбастау елді мекеніндегі Ақбастау орта мектебі, Көксәйек елді мекеніндегі Жолан көшесіндегі бастауыш мектебі, Аққұм елді мекеніндегі Қ.Тыныбеков атындағы орта мектептерінің құрылыс жұмыстары өз жұмыстарын атқаруда. Ал, енді аталған нысандардың қаншалықты талапқа сай екендігін анықтау мақсатында барған кеңес мүшелері бірқатар кемшіліктерді анықтады. Аталған кемшіліктердің тізбесі жасақталып, аудандық құрылыс бөліміне хатпен жолданды. Алдағы уақытта кемшіліктерді түзету қолға алынады деген сенімдеміз. Аудандағы құрылыс нысандары алдағы уақытта да партия назарында болмақ.