Түркістан қаласында күнде бір үлкен іс атқарылып жатыр. Облыста әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітілді.
Түркістан облысы бойынша былтырғы көрсеткішке қарағанда биыл 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді. Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы 16 855,8 шақырымды құрайды. Оның ішіде республикалық маңызы бар жол 801,7 шақырым болса, облыстық маңызы бар жол 4 261,2 шақырым. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдар 1 642,7 және елдімекен көшелері 10 150,2 шақырым болады екен. Осы жолдарға байланысты,2019 жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 607 нысан немесе 1737,6 шақырым елдімекен көшелері қамтылып, 585 нысан немесе 1339,5 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.