Түркістан облысында білім нысандары жыл санап өсіп келедеді. Жаңадан соғылып жатқан білім нысандары заман талабына сай соғылуда. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Түркістан облысында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға қамту 96,5%-ды құрап, жыл соңына дейін 100% -ға жеткізу міндеті тұр. Биыл 11-сыныпты 24513 түлек бітірсе, 9-сыныпты 38 мың бітірушінің 10 мыңға жуық түлегі колледжге оқуға түскен, ал 1-сыныпқа 53 мың оқушы келеді деп күтілуде.
Жыл сайын оқушы санының өсуіне байланысты 2018-2025 жылдарға дейін облысқа жаңа 184 мектеп салу жоспарланған болатын. Биыл 68 білім нысанының құрылысына 23,5 млрд. теңге бөлініп, биылғы жылдың соңына дейін 22 нысанның құрылысы пайдалануға беріледі, қалған 46 білім нысаны 2020 жылға өтпелі.
Биыл жаңартылған мазмұнға 4, 9, 10-сыныптар өтеді, ал 11-сыныптардың келесі жылы өтуіне байланысты республиканың 30 мектебінде апробация жүргізіледі.