Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заң ауыл шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған және ҚР 13 кодексіне және 29 заңына қатысты 800-ден астам өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қарастырады.
Атап айтқанда, заң ауылшаруашылық сақтандыру жүйесінің тәсілдері өзгертіледі: міндеттіден ерікті сақтандыруға өту, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын тағайындау түріне көшу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ мемлекет пен ауылшаруашылық тауар өндірушілердің фитосанитариялық және карантиндік шаралар өткізу бойынша жауапкершілігі де ажыратылған.
Сонымен қатар, фитосанитарлық және карантиндік шараларға арналған пестицидтерді сатып алуға ауылшаруашылық тауар өндірушілердің шығындарын субсидиялау қарастырылған (бұрын гербицидтер ғана субсидияланған болса, қазір карантиндік объектілерді және ерекше қауіпті зиянды организмдерді бақылау үшін инсектицидтер мен фунгицидтерді субсидиялау ұсынылады).
Әкімдіктер мен кеден органдары құзіретінде болған бақылау-қадағалау функциялары (көлік құралдарына бақылау) облыстың ветеринария саласындағы уәкілетті органдарына қайтарылады;
Одан басқа, мысалы, инновацияларды енгізуге ынталандыру үшін кәсіпкерлердің ғылыми зерттеулерге бөлген қаржылық шығынының бір бөлігін субсидиялау;
Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауылшаруашылық мамандықтары бойынша білім беру гранттарын құру функциясы бекітіледі, сонымен қатар ауылшаруашылық мамандықтары бойынша ауылшаруашылық жоғары оқу орындарын бітірушілерге (кемінде 3 жыл) ауылдық жерлерде жұмыс істеуге міндетті талап енгізіледі және тағысын тағы.
Ақпарат Zakon.kz сайтынан алынған