2 қыркүйек 2019 жыл мемлекетіміздің ең маңызды күндердің бірі ретінде тарихта қалатыны белгілі. Осы күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын ұсынды.
Бұл Жолдау осы жылдың маусым айында сайланған Президенттің тұңғыш Жолдауы болғандықтан, ерекше қызығушылық тудырады. Жолдаудың міндеттері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен сәйкес келеді, бұл оның өзі қабылдаған шешімдердің жүйелілігін және олар үшін нақты жауапкершілікті сезінетіндігін көрсетеді.
2019 жыл Қазақстан қоғамының өткір саяси мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Қоғамдық-саяси реформаларға сұраныс бүгінгі күні ерекше жоғары. Сондықтан да Қоғамдық диалог тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауының өзегі болып отыр. Елдің саяси жүйесін кезең-кезеңмен жаңаша жаңғыртуға шақыра отырып, Президент оның базалық сипатын атап көрсетеді: «…елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, табысты экономикалық реформаларға қол жеткізу мүмкін емес».
Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөледі.
Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс деді.
Жолдауда Мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне жауап қайтаруы бойынша жауапкершілікті күшейту керектігі нақты айтылды. Жолдауда Қасым-Жомарт Тохаев Президент әкімшілігінде мемлекеттік органдардың жоғарыда айтылған жұмысын бақылау жөніндегі бөлім құрылатындығы туралы сөз етті. Азаматтардың өтініштеріне тиісті жауап берілмесе, алғашқылары тікелей Президент атына хат жазуға құқылы болатындығы айтылды.
Жолдауда аса мән берілген тұсы болашақта ел экономикасын жаңа белестерге жеткізетініне сенімді бағыт болды. Осы орайда президентіміз шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктер мен қолдаулар мемлекет тарапынан одан әрі қолдау табатынына нық сеніммен айтуда. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржылық қолдау «Бизнестің жол картасы» аясында үш жылдың ішінде 250 млрд. тенге дейін қосымша бөлу туралы үкіметке берген тапсырмасы, бұл саланы дамыту ол мемлекет саясатының басты бағытына айналатынына көрсетіп отыр. Бұл шаралар атап айтқанда, ең алдымен мемлекет тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады.
Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Мемлекет дамуы ол халықтың табысына тікелей әсер етеді. Табыстың көтерілуі ол мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсартатының ескерсек бүгінгі жолдау үлкен үміт пен болашақа деген нық сезімді оятып отыр.
Т.Бекмурзаев, Шымкент қаласы Әділет департаментінің жетекші маманы