Қасым-Жомарт Тоқаев үш тілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Құрманғали Берік Уәлиұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан президенті.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мегаполис пен облыс әкімдерін жинап кеңес өткізді.

Сондай-ақ кеңес барысында мемлекет басшысы жағдайы төмен азаматтар үшін жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді тапсырып, әкімдерге халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін айтты.

Дереккөз: nur.kz

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.