Бүгін, АҚШ-да «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының белді ойыншысы болған Коби Брайнт тік ұшақтың құлауынан қайтыс болды. Вертолет кабинасында 13 жасар Джанна есімді қызы және 7 адам болған екен.

Тік ұшақ Калабалас штатында құлаған. Себептері анықталуда. Құтқарушылар тік ұшақ құлаған маңға тез уақытта жеткенімен, аман қалғандарды таппаған. Және де құлған тік ұшақтағылар қайдан ұшып, қайда бара жатқаны белгісіз.

Коби Брайнт баскетбол әлемінде ең үздіктердің бірі болып саналатын. Атақты Майкл Джорданнан кейін осы жігіттің есімі жиі айтылып та келді. 41 жасқа келген спортшы «Лейкерс» командасында ғана ойнаған. 2016 жылы спорттағы кәсіби мансабын аяқтаған еді. 20 жылдық спорттық мансабында – бес рет чемпион атанып, Олимпиада ойындарын екі рет жеңіп алған. Жұлдыздар кездесуінде «Ең маңызды ойыншы» атағы төрт рет берілген. НБА тарихында бұндай көрсеткішке жеткен жалғыз баскетболшы.

Қайтыс болған баскетболшының артында әйелі және үш қызы қалды.          

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.