Бүгін, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ-ның өкілдерімен жақыннан танысып, ақылдасып және ашық әңгімеде алғашқы кездесуін өткізді.

Журналистер келгеніне он күннен енді асқан шаһар басшысын қызметімен құттықтап, жемісті және абыройлы атқаруына тілектес екендерін білдірді. Және де аға-әпкелерімізден көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Көптеген ұсыныстардың ішінен М.Әйтенов «Фосфоршылар» сарайына қатысты мәселені басты назарында ұстап отырғанын нақты айтты. Бұл мәселеде бірінші, тозығы шығып, аукционда тұрған сарайдың құжаттарын заңдастырып, кейіннен құрылысына назар салуды көздеп отырғанын сөз етті. Екінші мәселеде, қаладағы «Дарын» мектеп-интернатының тозғаны жайлы біліп, оның хал-жағдайымен енді ертерек танысып қайтуды көздеп отыр.

Сондай-ақ, қаладағы білім мен медицина, құрылыс салаларында жиналып қалған өзекті мәселелер де әңгімеден тыс қалған жоқ. Инстаграм, фейсбук парақшаларында қойылатын сұрақтар мен пікірлердің барлығына жауап жазып отыруға уақыттың да жоқ екенін ашық айтты.

Қаламызды 2020 жылы күтіп тұрған мерекелік іс-шаралардың маңыздылығына жиын барысында қысқаша тоқталып өтті. Ортақ мәселелер ортаға салынып, бірге атқарылатын тірліктердің көптігі жайлы да айтылды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.