Бангкокте корги кафесі әлемге кеңінен таныла бастады. Ерекше дәмхана келушілердің саны күн санап артып келеді.

Аяқтары қысқа, құлақтары ұзын корги тұқымдас 12 күшік дәмханаға келушілердің көңілін аулайды. «Бақтағы коргилер» деп аталатын дәмхана саққұлақтарды үш мезгіл бақта ойнатады. Келушілер бір сағат бойы сүйкімді күшіктермен ойнап, тамақтандырып, фотоға түсе алады. Тек ол үшін 11 доллар төлеу қажет. Дәмхана иесінің айтуынша, әу баста ол тек жұп коргиді асырап алған екен. Кейін олар күшіктеп, саны көбейді. Күшіктерін таратуға көзі қимаған дәмхана иесі корги кафесін ашуды ұйғарды. Бұл идеясы ойдағыдай іске асып, қазір дәмханаға келушілердің саны артқан.   

Осы категория бойынша: « АҚШ-та жарылыс салдарынан 33 мың адам жарықсыз қалды АҚШ-та белгісіз біреу автокөлік жүргізушілеріне оқ жаудырды »

Дереккөз: 24.kz

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.