«Интер» «Барселона» шабуылшысы Малкомға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Corriere dello Sport мәліметі бойынша, миландық клуб ағымдағы жылдың жазында 22 жастағы бразилиялықты жалға алмақшы.
Малком өткен жылдың жаз айында «Бордодан» «Барсаға» 41 млн еуроға ауысқан болатын.
Бразилиялық ойыншы каталондық клуб сапында 15 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Дереккөз: 24.kz