«Блок бекеттердегі «Жасыл дәліз» тәулік бойы жұмыс істейді», – дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Және де бекеттерден тіршілікті қамтамасыз ететтін көліктер мен транзиттік машиналар еш кедергісіз өтуі керек.

Өздеріңіз білетіндей халықаралық маңызға ие «Ташкент-Алматы-Термез» тас жолындағы «Ақжар» «Шымкент-Самара» бағытындағы яғни қаладан Түркістанға шығатын «Бадам» бекеті мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосылатын «Бозарық» бекеттерін аралап шықты.

Мұрат Дүйсенбекұлы бірінші кезекте барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастыруды тапсырған болатын. Мысалы, тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер азық-түлкі тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері басқа да арнайы техникалар кедергісіз өтіп отыруы тиіс.

Көлік жүргізушілері мен оның салонындағы жолаушы міндетті түрде тіркеуге алынып, медицицналық құрылғымен тексеріліп өткізіледі. Блок бекеттерде медициналық қызметкерлер мен құзырлы орган өкілдері әкімшілік қызметкерлері ауысыммен тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.

Мұрат Әйтенов блок бекеттерде тұрған жолаушыларға шектеу кезіндегі талаптарды сақтап, үйлеріне қайтуға кеңес берді. Өйткені қала аумағы үлкен, миллонды халқы бар. Оған қоса шектеу қойылған күннің өзінде қала арқылы арлы-бері 200 мыңға жуық халық қатынайды екен. Шымкент тоғыз жолдың торабында жатыр. Қала әкімі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді таспырды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.