Тәуелсіз ел атанғалы Қазақстан түрлі кезеңдерді басынан кешіріп келді. Қызығы мен шыжығы толы біраз жылдар да артта қалды. Сондай аумалы-төкпелі кезеңдерде үнемі жанымызда болған, оңтайлы һәм ұтымды шешімдермен талай қиындыққа төтеп бергеніміз әуелі – Алла, сосын Елбасы саясатының арқасы деп білеміз.
Алдыңғы аға буын қариялардың «Біз не көрмедік…» тәмсілін ертең біздер де келер ұрпаққа айтып отырарымыз баршылық. Қиындыққа мойымай, әуелден сабырлылықты ту еткен халықпыз ғой. Барлығына да тойтарыс беріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осынау мамыражай, бейбіт күндерге Елбасымызбен бірге қол жеткізгеніміз баршамызға аян. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» демеуші ме еді?.. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, ел қариясына айналған тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев әлемді әбігерге салған Коронавирус індетінің ел аумағынан көріне бастағаннан даналығын көрсетіп, тығырықтардан шығуға бағыт пен бағдарын ұсынап келеді.
Кеше бас газетіміз «Егемен қазақстан» газетінен шыққан Елбасымыздың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын оқи отырып, баршаны сабырға, байсал¬ды¬лыққа шақырып, жұртына ақ тілеулі сөзін арнаған Н.Ә.Назарбаевтың қатерін төккен індетке байланысты халқымыз үшін алаңдаулы екенін жеткізді.
Қазыналарымыз – Төле би, хакім Абай және батыр Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін келтіріп, елдің бірлікке шақырған дүниесінде ел медицинасының, жалпы экономика тұрақтылығына тоқтала, аталған індет кезінде бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қал¬майтынын жеткізіпті.
«Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін» деп жігер берген Елбасының — «Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлі¬гімізден айрылмайық. Сонда ғана ¬біз қас¬тер¬лі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақ¬стан¬ды Мәңгілік ел болуға лайықты ете аламыз» дегеніне қолдау білдіріп, мен де өзімнің атымнан — «Біз біргеміз» дегім келеді.
Р.Оспаналиева
Береке-А» корпорациясының басшысы