Бұл күнде ардақты тұлғалардың бірі – тыл ардагерлері. Тылда еңбек еткен олар соғыс кезі болсын, басқа да қиын кезеңдер де түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмей, жеңісті жақындатуға зор үлестерін қосты.
Сондай тыл ардагерлерінің бірі — Шымкент қаласының тұрғыны Скринникова Пракофья Егоровна. Талай қиыншылықты бастан кешіп, ауыр күндерді артта қалдырды. Жасы келсе де әлі тың. Ол тіпті қалада өтетін мерекелік іс-шараларға шақыруды сұрайды.
Жеңістің 75 жылдығына орай Пракофья Егоровна арнайы төсбелгімен марапатталды. Қарт тыл ардагері қуанышын жасырмады. Ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, ардагер құттықтап келушілерге өтінішін де жеткізді. Тыл ардагері үйіне үйге телефон орнатып беруді және зейнетақысын карантинде алу мүмкіншілігі болмағандығын, соның шешімін табуын сұраған болатын. Ардагердің өтінішін орындау мақсатында Жұмыспен қамту басқармасынан жеке көмекші жіберілді.
Ардагерлерге құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың парызы.