ANTIKOR LIVE: 4 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІ ҚОРҒАЛДЫ

Осындай статистиканы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында Департаменттің жұмысын қорытындылау барысында хабарлады. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басымдықтарына сәйкес мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде (ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «»Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы арқылы).

Білім, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар, Еңбек және әлеуметтік қорғау, энергетика және коммуналдық шаруашылық мемлекеттік мекемелерінің сатып алу мониторингі нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 427  млн.теңге үнемделді.

Экономикалық жағдайды және карантин енгізілуін ескере отырып, бұқаралық және мерекелік іс-шараларды өткізу, жеке қорғану құралдарын сатып алу, сондай-ақ ерекше тәртіп бойынша сатып алуға ерекше назар аударылды» – деді спикер.

Мәселен, ағымдағы жылдың мамыр айында коронавирус қаупінің артуы және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізудің орынсыздығы туралы біз енгізген хаттардан кейін 740 млн. бюджеттік қаражат сомасына мерекелік іс-шараларды өткізу бойынша сатып алулар тоқтатылды.

Мониторинг барысында тапсырыс беруші Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы болып табылатын жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша лотқа ерекше назар аударылды.

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшесі бір көше мен мегаполистің  үш нысандарын (әуежай, теміржол вокзалы және орталық стадион аумағы) күтіп-ұстау үшін 1 млрд.теңге жұмсауды жоспарлаған.

Анықтама: 2018 жылы мұндай мақсаттарға тек 894 млн. теңге жұмсалған. Аталған қаржы 110  көше мен түрлі нысандарды қоса алғанда, қаланың барлық аумағы бойынша өсімдіктерді ұстауды қамтамасыз еткен.

Бұл ретте веб-порталда конкурсқа қатысу үшін талаптар, сондай-ақ қажетті сипаттамалар болмаған.

Сонымен қатар, Басқарма карантинді пайдалана отырып, лотты Тапсырыс берушіге шағымданусыз, жеңілдетілген түрде рәсімдерді жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы тәртіп бойынша өткізілетін сатып алулар тізіміне енгізген.

«Біздің араласуымыздан кейін 1 млрд.40 млн. теңге сомасына аталған лот тоқтатылып, ал қаражат өзге мақсаттарға жұмсалды. Бұл ретте Департамент бюджет қаржысының талан-таражға салынуының алдын алғандығын сеніммен айтуға болады.

Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде орган талдаушылары 2,2 млрд.теңгеден астам қаражат үнемдеді, ал тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша бюджетке 1,8 млрд. теңге өтелді.  Жалпы, Департаментпен 4 млрд. теңгеден астам сомаға мегаполистің экономикалық мүдделері қорғалды», деп сөзін қорытындылады Асхат  Жұмағали. 

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 100-ге жуық ұсыну енгізген

 Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығында Департаменттің жұмысын қорытындылаған онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг болып табылады.

Бұл институттар, шын мәнінде, мемлекеттік органдардың ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі тәуекелдерді жоюдың пәрменді тетігіне айналды.

Тек ағымдағы жылдың өзінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау және 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді (талдаумен энергетика және тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, экология, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, гранттар мен қызметтік тұрғын үйлерді бөлу, салттық қызмет көрсету және мемлекеттік мүлікті беру салалары қамтылды).

Осы жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік органдарға 100-ге жуық ұсыныс енгізіліп, олардың үштен бірі орындалды.

Мысалы, білім беру жүйесінде оқу орындарының басшыларын тағайындау және оқытушыларды іріктеу рәсімдері жетілдірілді, жоғары лауазымдарға тағайындау үшін оқытушылар резерві институты құрылды, мектеп директорларын ротациялау туралы ұсыныстар енгізілді (қоғам өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен және онлайн өткізу арқылы комиссия құрамы өзгертілді, тесттен өту бейне тіркеуді жою мүмкіндігінсіз ашық түрде өтуде, үздік мұғалімдер лауазымын жоғарылатуға үміткер бола алады).

Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде жер қатынастары басқармасының қызметкерлерімен халықтың тікелей байланысын болдырмауға қол жеткіздік.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы пара алғаны үшін басқарма басшысының екі орынбасары ұсталды. Негізгі себеп азаматтармен тікелей байланыс болған.

 Талдау көрсеткендей, өткен жылы азаматтарға 6 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді (6370). Бұл ретте олардың барлығы қағаз жүзінде және басқарманың кеңсесі арқылы (тек 11 электрондық түрде) көрсетілді.

Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін осы жылдың ақпан айында мегаполис әкімінің қатысуымен өткен жиында оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдау үшін айтқан болатынбыз.

Бүгінгі күні ұсыныстарымыз бойынша жыл басынан бері көрсетілген 4161  мемлекеттік қызметтің (10 түрі) 3889  – Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 171  -электрондық үкіметтің веб – порталы, 101 – әкімдіктің фронт кеңсесі арқылы ұсынылған.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған