ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ 60% – ДАН АСТАМЫ АУЫР ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІМЕН 70-КЕ ЖУЫҚ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН

«Бірінші жартыжылдықта Департаментпен 67 қылмыс тіркелген, оның 63 % ауыр қылмыс түрлеріне жатады. Тіркелген қылмыстардың ішінде парақорлық (37) және жымқыру фактілері (16) басым» – деп хабарлады ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығындағы мекеме қызметін қорытындылау кезіндегі онлайн брифинг барысында Департамент басшысы Асхат Жұмағали.

Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында 22 факт, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына – 14, білім саласында – 5,  сот саласында – 4, құрылыс, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларына 3-ден тіркелген.

Сотқа 60 қылмыстық іс жолданды, 28 адам сотталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған