ANTIKOR LIVE: ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН 28 АДАМ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері бойынша брифинг өткізді. 

Іс-шара барысында Департамент басшысы А.Жұмағали сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 28 тұлға әшкереленгендігін, оның ішінде 3  облыстық, 1 аудандық деңгейдегі басшы, 28-і сотталғандығын атап өтті.

Күдікті адамдардың 20 пайызын мемлекеттік органдардың жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің басшылары құрайды.

Мысалы, оң сот шешімін шығарғаны үшін пара алған Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы сотқа жолданды.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына  қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Ол жобалау және атқару құжаттамасына сәйкес келмейтін топографиялық түсірілім үшін орындалған жұмыстар актілеріне қол қою арқылы 498 млн. теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

«Жақында Шымкент қаласы Абай ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды.

Ол карантин кезінде сауда ережелерін бұзу фактісі бойынша дүкен иесінен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алды деп күдіктелуде» – деді Асхат Жұмағали.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған