СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында «Nur Otan” партиясының ғимаратында қалалық Мәслихат депуттатарымен және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

Сенаторлар ҚР Парламенті Сенатының 2020 жылғы қызметінің қорытындыларымен бөлісті. Депутаттар қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша жақында қабылданған заңның негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Қ

абылданған заңда қоғамдық кеңестердің ұйымдық тиімділігін, демократиялылығын, жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін оларды қалыптастыру және құру тетігін жетілдіру көзделген.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдауына азаматтық қоғамды тарту тетігі жетілдірілетін болады.Кездесу барысында Мәслихат депутаттары және бір қатар қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділеріне атқарған қызметі бағаланып, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың атынан Құрмет грамотасы мен Сенат төрағасының алғыстары табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған