ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ШЫМКЕНТТІК АЛТЫ ОЙЫНШЫ ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов УЕФА Әлем Кубогының іріктеу ойындарына шақырылған ойыншыларды атады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Олардың арасында «Ордабасының» да ойыншылары бар: қақпашы – Бекхан Шайзада, қорғаушылар – Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, жартылай қорғаушылар – Еркебұлан Тұңғышбаев және Эльхан Астанов.Сонымен қатар, қосалқы құрамда шымкенттіктердің тағы бір ойыншысы – Бағдат Қайыров бар.

Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Әлем Кубогының іріктеу кезеңінде екі ойын өткізеді. 28-наурызда жерлестеріміз Нұр-Сұлтанда Францияны қабылдаса, 31-наурызда сырт алаңда Украинамен кездеседі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған