ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ ОТБАСЫЛЫҚ КІТАПХАНА ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛДЫ

Кітап оқып өскесін кітапхананың иісі әлі мұрныма келеді ауылдағы. Шағын ауыл. Екі бөлмелі кітапхана. Ескі, сарғайған кітаптар. Қыста іші суық. Кітапханашы бөкебай орамалды оранып отырады. Пеште жанып жатқан оттың жылуы тарамайды ау.Бүгінде дамыдық. Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Тәубе. Шымкентте ашылған кітапхананы көріп қуанып тұрмын.

Бүгін Шымкент қаласындағы Забадам шағын ауданында «Наурыз» мерекесіне орай Қазақстандағы алғашқы «Отбасылық кітапхана» ел игілігіне берілді. Бұл отбасымен бірге тиімді уақыт өткізуге және балалар демалысы үшін қолайлы жағдай жасалған «үй үлгісіндегі» жаңа форматтағы кітапхана.

Кітапхананың ерекшелігі:

әдеттегі оқу орындары шеңберінен шығып, үйірме жұмыстарын жүргізу

іс-шаралар өткізу

коворкинг

балалар ата-әжелерімен келіп, кітап оқиды, ісшараларға қатысады.

Жаңартылған кітапхананың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мекеме отбасылық құндылықтар мен отбасылық демалысты ілгерілету мен дәріптеуге зор мүмкіндік болып табылатынын атап өтті.

А.Керімқұлова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған