БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БЫЛЫҚ

ҚОЗҒАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚАЛАЙ АЯҚТАЛАДЫ ЕКЕН?

Кезінде Түркістан қаласында орналасқан көпсалалы индустриалды-техникалық колледж ұжымының «Еркін ОЙ» газетіне жазған арызына байланысты «ТҮРКІСТАНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕН НЕГЕ ШУ ШЫҚТЫ?» деген мақала жазған едік.

Онда ұжымдағы арызданушылар 500-ге жуық талапкер қабылданатын колледжге небары 150 ғана мемлекеттік грант бөлінгенін, облыс орталығында орналасқан 85 жылдық тарихы бар жұмысшы мамандықтарын даярлайтын жалғыз мемлекеттік колледждің тағдырына алаңдайтынын білдірген еді.Ұжым сондай-ақ білім саласында басқа да орын алып отырған кемшіліктерді айта отырып, төмендегі жағдайларды талап еткен болатын.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру комиссиясының шешімін қайта қарап, біздің сұранысымызды толығымен қанағаттандырса деген ой айтқан. Мемлекеттік тапсырыстың құжаттарын жинауға байланысты арнайы тексеру жүргізуді сұраған. Ұжымның талабы төмендегідей болатын: Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес Жоғары оқу орындарына қарасты колледждерді конкурсқа қатыстырмауды және өткен жылдары бюджеттен бөлінген қаржыны қайтаруды,Қазақтан Республикасының «Білім туралы» заңының 57 бабының 4 тармағы,- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95/14 бюджет кодексінің 8 бабының 1 тармағы.- Қазақстан Республикасы Президентінің 19 маусым 2018 жылғы №702 жарғысының 6 тармағы заңдарының өрескел бұзылып 2018 жылдың шілде айынан бүгінгі танға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша Шымкент қаласындағы колледждерде Түркістан облысының бюджетінен қаржыландырып келген. Алайда, аталған колледждер тұрғылықты және тіркелген жері Шымкент қаласы болғандықтан лицензияны Шымкент қаласының бақылау департаментінен қайта алынып Шымкент қаласының мемлекеттік тапсырысы бойынша конкурсқа қатысып сол жақтың бюджетінен қаржыландыру керек деген-ді.Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының бұрынғы орынбасары Асанова Рахия Арынқызының (ол осы атқарып отырған қызметінен босаған) 2017-2020 жылдар аралығында білім басқармасында колледждерге мемлекеттік тапсырыс беру комиссиясының құрамында болып, грант бөліп отырған. Алайда білім басқармасына қарасты Сарағаш колледжінің құрылтайшысы әрі директоры Асанов Арсылан Арынович білім басқармасындағы Асанова Рахия Арыновнаның туған ағасы болғандықтан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» №410\ V заңының 15 бабының талаптарына сәйкес Асанова Рахия Арынқызын тәртіптік кеңесте жауапкершілігін қарауды сұраған болатын. Осы арызда көтерілген мәселелер тексеріліп, Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 04.08.2020 жылғы № 1700 санды шығыс хатына қоса ұсынылған ұжымдық арыздарыңыз негізінде «Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) 2018 жылдың 01 қаңтарынан 2020 жылдың 01 қазаны аралығындағы кезеңге ұжымдық арыздағы көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырмасының орналастыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, 15.12.2020 жылы № 189 аудиторлық есеп түзілген.

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Т.Тултебаев осы арыз-шағымға байланысты Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының “Көпсалалы индустриалды –техникалық колледжі” МКҚК ұжымына төмендегідей мән-жайды баяндаған: «Сонымен қатар, Басқарма тарапынан, аудитпен қамтылған кезеңде облыстық бюджет есебінен бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырмасының және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Арыстанбаб жоғары колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аударылған қаржылардың жұмсалуына үстеме аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде жалпы 9 543 740 999 теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде «Арыстанбаб» жоғары колледжі жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүргізілген үстеме аудиторлық іс – шарамен анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 51 264 999 теңге. Атап айтқанда:Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 Заңы 35 бабы 2 тармағының талаптарында « Мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері есебінен қамтамасыз етеді» және Қағиданың 19-тармағында «Конкурсқа мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарың қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары жіберілмейді» – делінген талаптарының, ҚР 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексі 8-бабы « Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері » 1-тармағында «Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады» – делінген. 31-бап «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі» 5-тармағында «Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ҚР Үкімет бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылым және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы негізінде алына отырып айқындалады» – делінген талаптары сақталмай, Түркістан облысының бюджетініен төмендегі 6 техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғарғы оқу орындары мемлекеттік білім беру тарсырысты орналастыру жөніндегі конкурсқа жіберіліп, 2018-2020 жылдар аралығында 024 «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» 015 «Жергілікті бюджет есебінен берілетін» бағдарламасы бойынша жалпы 2 469 681 000 теңгеге (оның ішінде ОҚ медицина академиясы, АҚ медицина колледжі облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қаржыландырылғандықтан есепке алынбады) қаржыландырып келгені анықталды. Сондай-ақ, ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 Заңы 57-бап «Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау» 4-тармағында «Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде шектеледі» – делінген талабы, ҚР 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексі 8-бап «Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, 1-тармағында «Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады» – делінген. 31-бап «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі» 5-тармағында «Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ҚР Үкімет бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылым және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікті басқару схемасы негізінде алына отырып айқындалады» – делінген талаптары сақталмай, Түркістан облысының бюджетінен төмендегі 9 жекеменшік колледждері мемлекекттік білім беру тапсырысты орналастыру жөніндегі конкурсқа жіберіліп, 2018-2020 жылдар аралығында 024 «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» 015 «Жергілікті бюджет есебінен берілетін» бағдарламасы бойынша жалпы 7 022 795 000 теңгеге қаржыландырып келгені анықталды.«Арыстанбаб жоғары колледжі» ЖШС-не (бұдан әрі-Серіктестік) жүргізілген үстеме аудиторлық іс-шара нәтижесінде, ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» №319 Заңының 8 бабының 2 тармағында «Мемлекетттік ҚР азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілгін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер ҚР азаматы осы деңгейлердің әрқайсында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырыснан сәйкес конкурстық негізінде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді» – деп көрсетілген талабы және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 07 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 266 Қаулысының талаптары сақталмай, жалпы 51 264 999 теңге қаржы төленгені анықталды. Атап айтқанда:Аудиторлық іс-шара нәтижесінде, аударылған қаржылардың 2018-2020 жылдар аралығында 024 және 052 «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламалары бойынша жасы жиырма тоғыздан асқан 51 азаматқа 22 600 143 теңге (оның ішінде: стипендия: 21 148 257 теңге, жолақыға 826 394 теңге, тамаққа 625 492 теңге), 27 оқушыға барлығы 7 779 984 теңге (оның ішінде: стипендия: 6 774 868 теңге, жолақыға 315 250 теңге, тамаққа 689 866 теңге),және 63 оқушыға барлығы 20 884 872 теңге (оның ішінде: стипендия: 14 866 989 теңге, жолақыға 1 191 468 теңге, тамаққа 4 826 415 теңге),жалпы 51 264 999 теңгеге қаржыландырылғаны анықталды.Жоғарыдағылардың негізінде, «Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша түзілген 15.12.2020 жылы № 189 аудиторлық есебі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 06.01.2021 жылғы №06-09/7 санды шығыс хатымен тиісті шешім қабылдау үшін жолданғанын хабарлаймыз.Департамент тарапынан жолданған хатта көрсетілген жауаппен келіспеген жағдайда, ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» № 221 Заңының 12,14 баптарына сәйкес, жоғарғы тұрған немесе сот органына шағымдануға құқылы екеніңізді назарыңызға саламыз.»ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Б.Маметбакиев Түркістан облыстық Адами Әлеуетті дамыту басқармасының «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК ұжымына және Түркістан облысы прокурорының орынбасары Е.Бөлегеновке осы ұжымдық арыз қаралып, бақылауға алынғаны туралы хат жолданған. Хатта:«Түркістан облысы ІМАД маманымен жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша 15.12.2020 жылғы №189 аудиторлық есеп түзіліп, 2018-2020 жылдары аралықтарында АӘД басқармасымен арнайы кәсіптік техникалық колледждерге мемлекеттік гранттарды бөлу барысында қаржылық бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Алайда, 2020 жылдың 23 желтоқсанында шығыс №04/3992 Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүргізілген есепке қарсылық білдіріп, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит Комитеті жанындағы аппеляциялық комиссиясына қарсылық хатын жолдаған.ҚР ҚМ ІМАК қарасты аппеляциялық реттеу жөніндегі Комиссия отырыс жүргізіп, АӘДБ шағым материалдары қаралып, зерделенген. Нәтижесінде (шығыс хаты 26.01.2021 ж №КВГА-03-КВ/10707), қорытындылық хаттама даярланып, АӘДБ анықталған құқық бұзушылықтары өз күшінде қалды.Жинақталған деректерді сараптай отырып, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен АӘДБ лауазымды қызметкерлеріне қатысты 05.02.2021 жылы ҚР ҚК 361 бабының 4 тармағы, 3 тармақшасымен қылмыстық іс қозғалып (СБДТ 215100041000001) тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.Сізге мәлімет үшін жолданды және ол осы шешіммен келіспеген жағдайда, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабының талаптарына сәйкес сотқа шағымдану құқығы түсіндіріледі.»

Бұл жерде бір айтарлығы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүргізілген есепке қарсылық білдіріп, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит Комитеті жанындағы аппеляциялық комиссиясына қарсылық хатын жолдаған. Дегенмен Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті анықталған құқықбұзушылықтарды өз күшінде қалдырады. «Жеңілген күреске тоймайды» демекші, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы осы тексеруді жоққа шығару үшін жанталасып сотқа жүгініп те жатқан көрінеді. Кім қылмыскер болғысы келеді дейсіз?…Жинақталған деректерді сараптай отырып, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен АӘДБ лауазымды қызметкерлеріне қатысты 05.02.2021 жылы ҚР ҚК 361 бабының 4 тармағы, 3 тармақшасымен қылмыстық іс қозғалып (СБДТ 215100041000001) тиісті тергеу амалдары жүргізілгенімен бұл қылмыстық іс Түркістан облысының прокуратурасы тарапынан 05.02.2021ж. ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті лауазымдық өкілеттіктерді теріс паайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3) тармағымен №215100131000001 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастап, 25.02.2021ж. ҚПК 187-бабы 3-бөлігінің талаптарына сай тергеулігі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы департаментіне беріліпті.Бүгінгі таңда аталған департаментпен қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқан көрінеді.Қарапайым халықтың және мемлекеттің миллиондары мен миллиардтарын қу құлқындарына пайдаланған, талай лауазымды жемқор басшыларды түрмеге тоғытқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл жерде өз принциптілігін танытады деген сенімдеміз. Және де «көз қысты, бармақ басты» болып, «бұл қылмыстық іс жабылып кетеді» деген күдікті ой орын алмайды деген ойдамыз.

Балтабек Түйетаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған