ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӘРБИЕ КӨРГЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР

Көктем мезгілі басталып, наурыз айы болса да, Түркістан облысында жаңбырдан соң қар жауып, одан қала берді секундына 25 метрге дейін соққан суық желдің салдарынан маңызы бар күре жолдарда жүргізушілерге көліктердің қозғалуы қиындық туғызды.

Яғни облыстың кейбір аймақтарында республикалық маңызы бар жолдармен қатынайтын ауыр жүк көліктері жол жиектеріне шығып кетіп, жүргізушілерді әбігерге түсірді. Ал мұндай сәтте күнделікті рейдтік шараларды іске асырып, дәл осындай ауа райы құбылған кезде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтіні жасырын емес.

Күшейтілген режим кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жаппай жұмылдырылып, қиындыққа тап болған жүргізушілерге көмектеседі. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жолда қалған жолаушыларды қызметтік көліктерімен жылы орынға жеткізіп, қарға батып, жүре алмай қалған көліктердің қарын күреп, қайтадан жүріп кетуіне ықпал жасайды. Күрек ұстап қар күреген, көлік итеріп көмек көрсеткен полицейлер мезгілдер ауысып, ауа райы құбылса да қызметтерін тәуліктеп атқарады.

Мәселен ТО ПД патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторлары, полиция аға лейтенанттары Ғалымжан Жақсылықов пен Нұрлыбек Жандар қызметтік көліктерімен жолдарды патрульдеу кезінде Түркістан-Алматы Ташкент-Термез тас жолының 667 шақырымында жол жиегіндегі қалың батпаққа дөңгелектері батып, қозғала алмай тұрғанын ауыр жүк көлігін байқайды. Қос полицей әдеттегі іс-әрекеттеріне кірісіп, өздерімен бірге алып жүрген көліктеріндегі күректерін алып, доңғалақтарды лайдан тазалай бастайды. Осылайша бірнеше сағат ішінде олар Қырғызстан Республикасы жүргізушісінің көлігін жүруге ыңғайлап береді.

Полицейлердің көмегін алған шетелдік, өз кезегінде шынайы алғысын айтты: Мен Қырғызстан Республикасының азаматымын. 0254 экипажының полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Менің батпаққа тығылып қалған көлігімді шығаруға көмектескендеріне үлкен рақметімді айтамын», – деді шетелдік азамат Руслан Хамраюмов.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысының патрульдік полицейлері жолдарды патрульдеу кезінде әркез көмекке мұқтаж болған жүргізушілерге көмектесіп, алғыстарын алып келеді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған