ШЫНАЙЫЛЫҚ, АДАЛДЫҚ – ШЫҢҒА ЖЕТКІЗЕДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметімен танысты.

            Жоба аясында жүзеге асырылған басым бағыттармен таныстырған  Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ш.Сметов алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісіп, бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен таныстырып өтті. Кез келген азамат кеңсеге кедергісіз келіп, ұсыныстары мен шағымдарын қалдыра алатындығын жеткізді.

            Сонымен қатар, жұмыс сапар барысында қалалық мемлекеттік кірістер департаменті мен аудандық басқармалар қызметкерлерімен кездесу өтті.

Шара барысында Жазира Жақсылыққызы Агенттіктің басты басымдықтары алдын алу екендігін жеткізіп, парасаттылық, ашықтық, айқындық, тұтынушыға бағдарлану, цифрландыру қағидаттарын ауқымды ілгерілету және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталғанын атап өтті.

Жиында Агенттік өкілі республика бойынша жемқорлыққа байланысты қылмыстық-құқықтық статистикамен таныстырды.

Жазушы Сәдібек Түгел жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін, қоғамдық сананы жаңғыртуда адалдық, адамгершілік қағидаттарын сіңіру қажеттігін айрықша атап өтті. Шырайлы шаһарға келу мақсаттары да түсіндірме жұмыстарын жүргізу екендігін айтып, мемлекеттік қызметшілерге парасаттылықты дәріптеудегі көркем әдебиеттің маңыздылығымен таныстырып, кітап оқуға шақырды.

Бас қаладан келген Жұмысшы топ қоғамның дертіне айналған жемқорлықты жою әрбір адамның, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің санасында болуы тиіс дейді. Елін, жерін, отбасын ойлаған әрбір азамат осы қағидаттан алшақ болмауы тиіс. Шынайылық, адалдық қана шыңға жеткізетіндігін айтқан қатысушылар, елге адал қызмет етуге, алдына келген азаматқа барынша көмектесуге шақырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған