ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсыныстар енгізеді.

Кезекті ұсыну Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты енгізіліп, Департамент басшысы А.Жұмағали, оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас, қала әкімінің орынбасары М.Исахов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Халықты жұмыспен қамту орталығының ұжымымен кездесті.

Онлайн кездесуде аталған Орталықтың материалдық жауапкершілікке ие лауазымды тұлғаларына қатысты тіркелген қылмыстық істің мән-жайы талқыланды.

Шараға қатысушыларға бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті ескертілді.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралар түсіндірілді.
Осы ретте алдағы уақытта ұжымдар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізіліп, заңбұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен мән-жайлардың туындауына кінәлі лауазымды тұлғаларды және тікелей басшылардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған