ШЫМКЕНТТІҢ ЗООБАҒЫНА – 41 ЖЫЛ!

Шымкент қаласындағы зоологиялық саябақ 1980 жылы 19 сәуірде ашылған. Алғашқы кезде 75 аң түрінің 350 данасы болған. Ал қазір 290 түрлі 2612 бас жануар бар. Оның ішінде Қызыл Кітабына аңдардың 24 түрі енген.

Қайта жаңартудан өткен саябаққа бүгін арнайы баспасөз туры өткізілді. Қала мәслихатының депутаттары мен журналистер жан-жануарлардың жағдайын көріп, жаңарған зообақты көрді. Бақтағы жануарлардың дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендірілген орындарда жайғастырылғанына көз жеткізді.

30,08 гектар аумақты алып жатқан жануарлар бағы еліміздегі үш зообақтың бірі. Кәсіпорынның 138 қызметкері хайуандардың күтімімен айналысады. Олар әрбір жануардың тазалығына, дезинфекциясына, тамақ режимдері, түрлі ауруларға қарсы екпе салдыруына, денсаулығына аса мән беріп, жіті бақылап отырады.

Қазіргі таңда аталған орында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толығымен 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Кіру билеті: 17 жастан жоғары – 600 тг, балаларға (6-дан 17 жасқа дейін) – 300тг
6 жасқа дейінгі балаларға – ТЕГІН, Ардагерлер мен I, II топ мүгедектеріне – ТЕГІН.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған