Ер адамдардың күйзеліске шалдығуы өз артынан аса ауыр қауіп-қатер әкелуі мүмкін. Бұл тұжырымды америкалық ғалымдар зерттеу нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеген деп хабарлайды 

  Зерттеу жұмыстары барысында күйзеліске шалдыққан ер адамдардың бедеулікке тап болу қауіпі жоғары болатыны анықталды.

  Ауқымды ғылыми жобаға бедеуліктен емделіп жатқан жұптар қатысқан. Тексерістің арқасында күйзеліс әйел адамдарда емес, керісінше еркектерде бедеулікті өрбіте түскені мәлім болды.

«Біздің зерттеу жұмысымыз бедеулікті емдеуде жаңа серпін бермек. Біз бұл мәселеге күйзелістің де түрткі болатынын дәлелдедік. Енді бедеуліктің алдын алу шараларын ұйымдастырумен айналысатын мамандар, емдеу технологияларына жаңашылдық қосуларына болады», – деп айтты зерттеу тобының жетекшісі Эстер Айзенберг.   Сонымен қатар, зерттеу кезінде мынадай статистикалық мәліметтер анықталды. Бедеулікпен күресіп жүрген әйелдер қауымының 41 пайызы мен ерлердің 50 пайызы үлкен күйзеліс үстінде болған. Оның белгілері әйелдерде жиі байқалғанымен, ер адамдар қауымы үшін күйзеліс анағұрлым қауіпті болып шықты.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.