Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта кездесуінде «Барселонаға» үш гол үстемдігі финалға шығуға аздық етті. Өз алаңында «Ливерпульді» 3:0 есебімен жеңіп, қонақта «Барселона» 4:0 ұтылып сенсация жасады.

Өткен жолы «Романы» 4:1 жеңіп, қонаққа барып 3:0 ұтылып мықтылар қатты сүрінген болатын. Сол кезде Алиссон Беккердің «Рома» қақпасында жасаған ерлігі өз командасын келесі кезеңге сүйреді. Көп ұзамай «Ливерпуль» сапына ауысқан Беккер «Барселонаны» тағы да финалға жеткізбеді.
Кезінде, «Ливрпуль» сапында жұлдыз атанған Суарестің екі ойында да өзінің бұрынғы командаластарына алаңда жасаған лас іс-әрекеттері түсініксіз. Уругвайлықтың мысы басылғандай болды. Бір сәтте жылдам Мессиден алтыншы «Алтын добы» да алыстап кетті. «Католониялықтардан» өз жанкүйерлері мұндай жәйбасар ойын күтпеген болар. Испаниядағы кездесуде жасыл алаңда бес ойыншыны аладап жүрген аргентиналықты ағылшын жерінде «мерсисайдтықтар» тырп еткізбеді.
«Энфилд» алаңында талай «комбэкерді» көрдік. Мықты Мессиі бар «Барселонаны» ірі есеппен жеңіп, «Ливерпуль» командасы футбол тарихында бүгін тастқа таңба басылған «комбэк» қалдырды. ЧЛ-ның екінші финалисті «Тоттенхэм» мен «Аякс» арасында өзара мықтыны анықтайды. Бірінші ойында лондондықтар өз алаңында 0:1 есебімен ұтылды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.