Түркістанда ұрлық 15 пайызға азайған. Ал қалта ұрлығы бойынша 33 дерек тіркеліп,өткен жылы бұл көрсеткіш 43 дерек болған.
Ағымдағы жылдың 4 айында Түркістан қаласының аумағында 383 бөтен мүлікті ұрлау қылмысытіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69 дерекке немесе 15,3 пайызға азайған.
Соның ішінде пәтер ұрлығы бойынша 78 дерек тіркелген болса, өткен жылы 129 дерек орын алған. Ал қалта ұрлығы бойынша 33 дерек тіркеліп,өткен жылы бұл көрсеткіш 43 дерек болған. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы берген мәліметке сәйкес, Түркістандық полицейлер пәтер ұрлығы бойынша ай сайын зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде: күндізгі сағат 06.00-12.00-ге дейінгі уақытта 8 пәтер ұрлығы, 12.00- 18.00 аралығында 31 пәтер ұрлығы орын алған ал түнгі уақыт 24.00-06.00 аралығында 21 пәтер ұрлығы оқиғалары орын алған. Осы талдауларды негізге ала отырып түркістандық полицейлер күндізгі және түнгі топтарға бөлініп жұмыстар атқарған. Сондай-ақ бұл қылмыстардың төмендеуіне халық арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстары да себеп болған.
Осы жылдың 4 айындаТүркістан қаласында 31 мал ұрлығы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға азайған. Соның ішінде мал ұрлығының 12 дерегі жайылымда, ал 19 дерегі қорадан ұрланған. Ұрлық болған уақыттары күндіз 1 дерек, ал түнгі мерзімдерде 18 дерек тіркелген. Учаскелік инспекторлардың қырағылығы ұрлықтардың бетін ашқан. Айтып өтейік ағымдағы жылдың қаңтар айының шеңберінде Түркістан қаласына қарасты Қарашық а.о. учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Ж.Ешманов және полиция капитаны Д.Керемовтардың жеке қырағылығымен 8 дерек пәтер ұрлығы қылмыстарының беті ашылған. Одан бөлек аталған қызметкерлермен осы жылдың ақпан айында өздерінің әкімшілік аумақтарында және қала аумағында орын алған трансформатор ұрлықтары бойынша күдіктілер ұсталып ұрлықтың 12 дерегі әшкереленген.
Учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік аумағындағы тұрғындармен жіті танысып алып, оларментығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқарған. Нәтижесінде тұрғындардан алғынған ақпараттармен орын алған қылмыстардың бетін ашқан.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының бұрынғы басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Селтановтан Түркістан қаласы полиция қызметкерлерінің тыныс-тіршілігі мен бұрынғы жай-күйін сұраған едік.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Селтанов Бауыржан Сапарұлы өзара әңгіме барысында біраз мәселені талқылап, полиция қызметкерлерінің бүгінгі тынысына да тоқталдық. Індеттің алдын алу барысындағы жұмыстар да ұмыт қалған жоқ. Бастысы қала аумағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың деңгейі айтарлықтай төмендеген әңгімеге арқау етті.
Бұл заңдылық. Осы ретте өзіміз де басқаратын басқармада әріптестеріңіздің беделін көтеруге қатысты оң қадамдар жасадық.
Біз жұмыс күніміздің алғашқы минуттарын тәртіп сақшысы ретіндегі қызметті адал атқаруды бағдарлаймыз. Полиция өкілдерінің жұмыс күні осылай басталады. Одан бөлек, әрбір қызметкердің жұмыс бабындағы ұстанымы ол – Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Міне осы қағида біздің міндетіміз.
Енді көпшілікпен тікелей жұмыс болған соң түрлі жағдайлар орын алады. Соның ішінде полиция қызметіне жүгінген жандардың тарапынан заң аясында атқарылған жұмыстарға келіспеушіліктер туындап жататыны рас. Мұның себебі, полицияға әбден қиналып, төзімі таусылған адам шағымданады. Ондай жандармен жұмыс жасау, сабырлыққа шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу кездерінде ішінара келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Одан бөлек, екі адамның арасындағы даулы мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін оның біреуі өзі жасаған заңсыз әрекетіне жауапты болуы керек емес пе? Міне, осындай жағдайда жекелеген адамдар істің мәнісін ұғынбай қызбалыққа салынып полиция қызметкерлерінің жұмысына сенімсіздік танытады. Ал, біз өз беделімізге нұқсан келеді деп әркімнің қас-қабағына қарап отырсақ заңның орындалуына кім жауапты болады? Заң бәрімізге ортақ. Сол үшін тәртіпке бойұсынбағандар өз жазасын алуы тиіс. Осы жолда біз заңсыздықтан, тәртіпсіздіктен зардап шеккен, зәбір көрген жандарға пана болуымыз керек. Сонымен бірге, кей кездерде полиция қызметкерінің тарапынан ағаттықтар орын алып жатуы мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір азаматтың құқығын аяқасты етпес үшін тәртіп сақшысының жауапкершілігін қарауға қатысты түрлі заңдық тетіктер қарастырылған яғни, полиция да жауапкершіліксіз қалмайды.
Осы күндері қоғамда әр салада кадр тапшылығы орын алуда. Бұл қатарда полиция өкілдері бар екенін жасырмаймыз.
Аталған мәселе бұрындары солтүстік аймақтарда жиі кездеседі деуші едік. Қазіргі таңда бұл біздің өңірге де тән құбылысқа айналып келе жатыр. Иә, полиция қызметінде жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Халықтың аманатын арқалаған соң уақытпен санаспай еңбек етуімізге тура келеді. Сондықтан осындай жағдайлар кейінгі толқын қызметкерлердің кейбіріне қиындық тудырып жататын сыңайлы. Бұлай деп отырғаным, полицияға қызмет етуге бел буып, іске кіріскен азаматтар көп ұзамай өз еркімен жұмыстан босап жататын жағдайлар кездеседі. Бұл салада ол азаматтардың абыроймен еңбек етуіне қарым-қабілеті жетуі мүмкін. Бірақ, жауапкершілік жүгін арқалауға батылы болмайтындай көрінеді маған. Осы ретте елге қызмет етемін деген жастарға әуел баста қабырғаны қайыстырар еңбексіз, биік белестерді бағындыру екіталай дегім келеді. Халқымызда «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөз бар. Сол секілді жас күнінде дұрыс тәлім-тәрбие алып, бейнет көрмеген ұрпақтан болашақта үлкен жетістік күту құмға су құйғанмен бірдей. Әрине, көпке топырақ шашпаймын. Дегенмен ел ішінде жүрген соң осындай жандар кездесіп жатады. Сіз айтқан кадр мәселесінің бір ұшы осында десем артық айтпаған болар едім.
Көпшілік жастардың қатысуымен болатын қылмыс саны көп деген пікірлер бар. Сонымен бірге, адамдардың қылмыс жасауына нендей жағдайлар болып жатқанын айта кетейін
Иә, жастардың үлесі аз емес. Дегенмен, оның барлығы саналы түрде қылмысқа барып жатпағанын да ескеру керек. Бір дерек келтіре кетсем. Бұрын қылмысты сотты болған азаматтар қайталап жасап жататын жағдайлар жиі болатын. Қазіргі таңда алкагольдік өнімдерді пайдаланған және қиналғаннан теріс әрекетке баратындар қатары артты. Жастардың қатысуымен жасалатын қылмыстарды негізінен кейінгі екі санатқа жатқызуға болады. Бұл бірінші кезекте қоршаған ортаның ықпалына байланысты. Мәселен үлгілі отбасының балалары көшеде бұзақы жастармен немесе оның сыныптастарының арасында толық емес отбасыдан шыққан қылмысқа бейім жеткіншектермен дос болуы мүмкін. Міне, осындай қатынастардың соңы өмірге енді бейімделіп келе жатқан адамға үлкен әсері бар. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі аса маңызды. Мектепті бітірген баласын ұлым ер жетті деп еркіне жіберуге әсте болмайды. Үлкендер тарапынан бақылау қажет.
Түркістан қалалық полиция басқармасы ескертеді. Құрметті, көлік тізгіндеушілері және жаяу жүргіншілер! Ауа-райының күрт сууына байланысты сіздерді жол жүру қауіпсіздігін күшейтуге шақырамын.
Алдағы уақытта қала көшелерінде мұз қатып, көк тайғақ болуы мүмкін. Сәйкесінше, қолайсыз ауа-райында көлік апаты жағдайлары да жиі кездеседі. Оған, жазғы дөңгелектердің уақытылы ауыспауы, жылдамдықты шамадан тыс асыру және қарсы бағытқа шығу сияқты т.б заң бұзушылықтар себеп болады.
Ал, оның салдары тек жүргізушіге емес жаяу жүргіншілерге де тиіп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, сақтық шараларын барынша күшейтуді және баратын жеріңізге асықпауды ескертемін.
Осы тұста, шаһарымызда 1-16 қараша күндері аралығында жол қозғалысына қатысты 19 433 әкімшілік құқық бұзушылық жайты тіркелгенін айта кетейін. Оның ішінде, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамаған 3082 азамат, қауіпсіздік белдігін тақпаған 1882 адам, мас күйде көлік басқарған 96 тізгіндеуші, қарсы жолаққа шыққан 73 тұлға және жол қиылысы ережесін бұзған 1795 жүргізуші анықталды. Оларға қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сондай-ақ, 774 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Полиция тарапынан атқарылып отырған жұмыстардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігі үшін. Тәртіпке бас иген адам құл болмайтыны баршаңызға мәлім. Ережені ескеріп, сақ жүрсеңіз ешкімнің обалына да қалмайсыз, жөнсіз жауапкершілікке де тартылмайсыз. Сондықтан, сақтық шараларын күшейтуді өзімізден бастайық.
Биыл Түркістан қаласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны өткен жылға қарағанда қай деңгейде?
Орын алған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың деңгейін өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 992-ден 760-қа төмендеді. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар былтырғы жылмен салыстырғанда 42,5 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 36,5 пайызға, бұрын сотты болған адамдардың жасаған қылмыстары 48,3 пайызға, мас халде жасалған қылмыстар 2,7 пайызға, адамдардың топтасып жасау қылмыстары 59,4 пайызға, кәмелеттік жасқа толмаған не олардың қатысуларымен жасалған қылмыс 20 пайызға қару қолдану арқылы жасалған қылмыс саны былтыр 8 болса биыл 2 жағдай орын алып, жалпы көрсеткіш төмендеп отыр. Сонымен қатар, «нөлдік төзімділік» бойынша көпшілік орындарды ластаған, белгіленбеген орындарда темекі тартқан, спирттік ішімдік ішкен, ұсақ бұзақылықтар жасаған азаматтарға 5429 әкімшілік хаттама толтырылған. Дәл осындай көрсеткіш 2019 жылдың 9 айында 1363-ті құраған болатын. Барлық толтырылған әкімшілік хаттамалардың қорытындысымен жалпы сомасы 278 млн 501 мың теңге айыппұл салынып, оның 71,7 пайызы мемлекеттің кірісіне өндірілді. Бұған қоса жеке құрам тарапынан жүргізілген рейдтік шараларының нәтижесінде қаламызда орын алған жол көлік оқиғалары биыл 9 ай қорытындысымен өткен жылға қарағанда 12,5 пайызға, оның ішінде өлімі 33,3 пайызға, жарақаттанғаны 43,9 пайызға төмендеді.
Құқық бұзушылықтың ішінде қоғамдық орындарда індеттің алдын алуға байланысты талаптардың сақталуына тұрғындар тарапынан әлі де немқұрайлылық байқалатын жасырмаймын.
«Сақтықта қорлық жоқ» деген сөз бар. Осы ұғымды естен шығармау керек. Бүгінгі таңда осындай ескертпеге құлақ аспаған 572 азамат карантин режимін бұзу фактілері бойынша жауапқа тартылды. Кей жағдайларда тұрғындар тарапынан түсінбестік туындап жатты. Дегенмен тәртіптің аты тәртіп. Оларға тиісті шара көру үшін Түркістан қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Сондай-ақ, бұл бағытта күнделікті құрылған мобильдік топпен жұмыстар өз жалғасын табуда. Біздің полиция өкілдері осындай қиын шақта елдің игілігі үшін аянбай қызмет етіп келеді.