Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Батальонда медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, қару-жарақ пен әскери техниканы, оқ-дәрілерді зерделеу бойынша сабақтар өткізуге, техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ техникалық мамандықтар сыныптық мамандарын даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, роталар (батареялар) техниктерінің міндеттерді орындауын ұйымдастыруға және бақылауға, аптасына бір реттен жиі емес тәуліктік нарядты даярлауды, сондай-ақ бағынысты бөлімшелерде жарғылық ішкі тәртіптің сақталуын жеке өзі тексеруге, оқу-жаттығу жаттықтыру құралдарымен жабдықтау, жөндеу және қызмет көрсету, сондай-ақ батальонның техникалық даярлық және тыл бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауға, батальон бөлімшелерінің жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, бір айға арналған өндірістік жоспар-тапсырманы жеке өзі жасауға, қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілер мен аспаптарды дайындау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге міндетті.

Қару-жарақ пен әскери техника, аспаптар, техникалық күзет мен өрт сөндіру құралдары апаттарының, аварияларының, сынып қалуының, ақаулықтары мен зақымдануларының себептерін талдауға, олардан сақтандыру және жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдауға, батальон қару-жарағы мен әскери техникасының құрылымын және дұрыс пайдалануды, олардың бар болуын және техникалық жай-күйін білуге, жөндеу-құрылыс және шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге міндетті.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары әскери шаруашылықты негізгі ұйымдастырушы болып табылады. Оның жалпы шаруашылық қызметті жоспарлау, материалдық құралдарды жеткізу жөніндегі нұсқаулары өз құзыреті шегінде барлық батальон бөлімшелерінің командирлері үшін міндетті.

Батальон командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының өртке қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі нұсқаулары бригаданың барлық жеке құрамы үшін міндетті.

Батальон командирінің қару-жарақ (техникалық бөлім) жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: бағынысты бөлімшенің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, қару-жарақпен және әскери техникамен, материалдық құралдармен жабдықталуына, техникалық жай-күйіне және жауынгерлік қолдануға әзірлігіне; оларды дұрыс пайдалануға, қызмет көрсетуге, сақтауға, эвакуациялауға және жөндеуге; өз мамандығы бойынша батальонның жеке құрамын техникалық даярлауға, механик-жүргізушілерді (жүргізушілерді) даярлауға; бағынысты жеке құрамды жауынгерлік даярлауға, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады және батальон командирінің орынбасарларын қоспағанда, батальон барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Батальон командирінің қару-жарақ (техникалық бөлім) жөніндегі орынбасары, өз мамандығы бойынша батальонды жауынгерлік даярлау жоспарының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және оларды орындауды ұйымдастыруға, батальон қару-жарағы мен әскери техникасының, зымырандарының, оқ-дәрілері мен басқа да материалдық құралдарының құрылымын, пайдалану тәртібі мен қағидаларын, эвакуациялауды, сақтауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, олардың бар болуын, техникалық жай-күйі мен тұрған орнын білуге, батальонды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және басшылық жасауға, батальонның жеке құрамын техникалық даярлауға басшылық жасауға; батальонның офицерлерімен, сержанттарымен және механик-жүргізушілерімен (жүргізушілерімен) техникалық даярлау, жүргізу бойынша сабақтар өткізуге; техникалық мамандықтардың жеке құрамын даярлау және олардың сыныптық біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, оған тікелей бағынысты бөлімшелер әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге,  олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге, айына бір реттен жиі емес батальонның қару-жарағы мен әскери техникасының, зымырандарының, оқ-дәрілерінің және басқа да материалдық құралдарының бар болуын, сақталуы мен техникалық жай-күйін (көлік және оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының машиналарын – апта сайын) тексеруге және жылына екі реттен жиі емес бөлімшелердегі қаруды нөмірлер бойынша тексеруді жүргізуге, емделуге, қызметтік іссапарларға және демалысқа кететін батальон әскери қызметшілерінің қаруы мен оқ-дәрілерін бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруын бақылауға міндетті.

Жөндеуге тапсыру және басқа да бөлімшелерге беру үшін қару-жарақ пен әскери техниканы дайындауды ұйымдастыруға, қару мен оқ-дәрілердің есебін жүргізуге, айына бір рет бригаданың бөлімшелерімен және зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметімен салыстырып тексеруді жүргізуге, оған бағынысты бөлімшені даярлау мен қызметіне басшылық жасауға, батальонның қару-жарағы мен әскери техникасын, зымырандарын, оқ-дәрілерін және басқа да материалдық құралдарын, сондай-ақ оқу-жаттығу құралдарын дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға; техникалық даярлық бойынша оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға, батальонға бекітіліп берілген парктік үй-жайлар аумағы мен учаскелерін көркейту және жабдықтау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, сондай-ақ оларда ішкі тәртіпті ұстауды қамтамасыз етуге, қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді далалық жағдайларда (сабақтарда, оқу-жаттығуларда) қолдануға және пайдалануға дайындауды бақылауға, өтімділігін арттыру және эвакуациялау үшін оларды жабдықпен және құралдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға; оқ атулар өткізілгеннен кейін негізгі қару-жарақты тексеруді жүргізуге, оқ атулар өткізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды бақылауға; бригада командирінің қару-жарақ (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) жөніндегі орынбасарына және зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығына зымырандарды ұшырудың іске аспағаны, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға міндетті.

Қару-жарақ пен әскери техника апаттарынан, аварияларынан, бұзылуларынан, оқиғаларынан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға, олардың себептерін талдауға, олар туралы және қабылданған шаралар туралы батальон командиріне жедел баяндауға, қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды пайдалану, қызмет көрсету, эвакуациялау және жөндеу, оқ-дәрілермен және улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды орындауды, сондай-ақ парктегі және машиналардағы өртке қарсы іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуге, бөлімшелердегі жанармай, жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды дұрыс пайдалануға және үнемді жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға, машиналар жұмысының (моторесурстар шығысының) есебін жүргізуді бақылауға және апта сайын батальонның қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалануды талдауды жүргізуге, формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттамасын дұрыс жүргізуді бақылауға, белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуге, батальон бөлімшелерінде қару-жарақ қызметтері бойынша белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға, батальон штабына және бригада командирінің қару-жарақ (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) жөніндегі орынбасарына қажетті мәліметтерді уақтылы ұсынуға міндетті.

Батальон командирінің тыл жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: оған тікелей бағынысты бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне; батальонды тыл қызметтері бойынша материалдық және техникалық қамтамасыз етуге; жеке құрамды орналастыруға және батальонға бекітіліп берілген қызметтік-тұрғын үй қорын ұстауға; бағыныстылардың жауынгерлік даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады, батальон командирінің орынбасарларын қоспағанда, батальонның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, өз мамандығы бойынша батальонды жауынгерлік даярлау жоспарының тиісті бөлімін әзірлеуге және олардың орындалуын ұйымдастыруға, бағынысты бөлімшенің қызметіне және жауынгерлік даярлығына басшылық жасауға, оған тікелей бағынысты бөлімшелердің әрбір әскери қызметшісінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге, әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу; курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, батальон тылының жеке құрамымен тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және роталар командирлерімен және старшиналарымен рота шаруашылығын жүргізу бойынша сабақтар өткізуге, батальон бөлімшелерін материалдық құралдармен, ал жеке құрамды дұрыс сапалы тамақпен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастыруға; тиісті жабдықталым нормалары мен материалдық құралдарды әрбір әскери қызметшіге және қызметтік жануарларға жеткізуді, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, тәуліктік нарядта болатын және еңбек заңнамасында және әскери қызмет өткеру туралы заңнамада көзделген басқа да жағдайларда әскери қызметшілерді тамақтандыруды бақылауға міндетті.

Батальон бөлімшелеріндегі тыл қызметтері техникасының бар болуы мен жай-күйін білуге, оны дұрыс пайдалануды, қызмет көрсетуді, эвакуациялау мен жөндеуді қамтамасыз етуге, айына бір реттен жиі емес бөлімшелердегі тыл техникасының, материалдық құралдар қорларының бар болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге, батальон бөлімшелеріндегі тыл қызметтерінің барлық техникасы мен мүлкін түгендеуге қатысуға, жанармай, жағармай материалдарын және арнайы, улы, техникалық сұйықтықтарды дұрыс пайдалануға, үнемді жұмсауға және оларды қолданған кезде қауіпсіздік талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыруға, батальон бөлімшелеріне материалдық құралдардың барлық түрлерін, суды жеткізуді, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды, сондай-ақ жеткізетін автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастыруға, барлық тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстарды, коммуникациялық желілерді, казармалық мүкәммал мен жиһазды дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастыруға, айына бір реттен жиі емес оларды қарап тексеруді жүргізуге; батальонға бекітіліп берілген аумақта тәртіпті сақтауға бақылауды жүзеге асыруға; өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының және қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеруге, батальон жеке құрамының сыртқы келбеті туралы ұдайы қамқорлық жасауға, киім-кешекті уақтылы алуды, оны дұрыс пайдалануды, шақтап пішу мен жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын киіп жүру қағидалары сақтауды талап етуге, батальон бөлімшелерінің жеке құрамына монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

  Батальон бөлімшелерінде экономикалық жұмыс жөніндегі іс-шараларды өткізуге, жөндеу және шаруашылық жұмыстарын жүргізу, тыл техникасына қызмет көрсету мен пайдалану, сондай-ақ өртке қарсы іс-шараларды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге, батальон бөлімшелерінде тыл қызметтері бойынша белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға, батальон штабына және бригада командирінің орынбасарына (тыл жөніндегі) қажетті мәліметтерді уақтылы ұсынуға міндетті.

Батальон командирінің тыл жөніндегі орынбасарының өртке қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі нұсқаулары батальонның барлық жеке құрамы үшін міндетті.

Рота (батарея, авиациялық буын, жеке взвод (бұдан әрі – рота) командирі бейбіт және соғыс уақытында: ротаның (корабльдің) жауынгерлік әзірлігіне; жеке құрамды жауынгерлік даярлауды, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне; ротада (корабльде) жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға; рота (корабль) қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да мүлкін сақтауды және оның жай-күйіне; ротаның (корабльдің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына; рота (корабль) шаруашылығын жүргізуге жауап береді.

Рота (4-дәрежелі корабль) командирі батальон (корабльдер дивизионы) командиріне бағынады және ротаның (корабльдің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Рота (4-дәрежелі корабль) командирі ротада (корабльде) жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға, бір аптаға сабақтар кестесін жеке өзі жасауға, рота (корабль) офицерлерімен және сержанттарымен (старшиналарымен), сондай-ақ рота (корабль) бөлімшелерімен сабақтар өткізуге, ротаның (корабльдің) әрбір әскери қызметшісінің әскери атағын, тегін, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымы мен мамандығын, отбасы жағдайын, іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге, ротаның (корабльдің) материалдық бөлігін, қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалану, қызмет көрсету, сақтау, жөндеу қағидаларын білуге; аптасына бір реттен жиі емес олардың бар болуын, жай-күйі мен есепке алуды жеке өзі тексеруге (корабль командирі – айына екі реттен жиі емес корабльді қарап тексеруге, оның қару-жарағын, оқ-дәрілерін, техникалық құралдарын қарап тексеруге және күн сайын корабльді қарап тексеруді жүргізуге), қару-жарақты, әскери техника мен оқ-дәрілерді қарап тексеру (тексеру) нәтижелерін қару-жарақты, әскери техника мен оқ-дәрілерді қарап тексеру кітабына (10-қосымша) жазуға жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ротаның (корабльдің) ұрысын ұйымдастыруға және оларды шебер басқаруға, рота (корабль) сарбаздарының (матростарының), сержанттары (старшиналары) мен офицерлерінің білімі мен практикалық дағдыларын тексеруге, жеке құрамды дұрыс орналастыруды ұйымдастыруға, ротада (корабльде) ішкі жарғылық тәртіпті ұстауға, әскери тәртіпті сақтауға, рота үшін бөлінген барлық үй-жайларды ұстауға және дұрыс пайдалануға, ротаға бекітіліп берілген аумақ учаскесін тазалықта ұстауға (корабльде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды қарап тексеруге, корабль корпусының ақаусыз жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға), сондай-ақ ротада (корабльде) өртке қарсы іс-шараларды жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

   Ротадан (корабльден) тағайындалатын тәуліктік (корабльдік) нарядтың жеке құрамын даярлауды ұйымдастыруға және олардың қызмет өткеруін тексеруге, қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған бөлмелерді ашу кезінде жеке өзі қатысуға, күн сайын күзет дабылдамасы құралдарының ақаусыздығын тексеруді бақылауға, ротада (корабльде) ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңімен қатысуға, ротаның (корабльдің) жеке құрамын есепке алуды жүргізуге, оның штат, тізім, шығыс бойынша санын және түрін, ротаға тіркелген қару-жарақ пен әскери техниканың, оқ-дәрілердің, жанармай және басқа да материалдық құралдарының бар болуы мен жай-күйін үнемі нақты білуге, келісімшарт бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға, сарбаздар (матростар) мен сержанттарды (старшиналарды) кезекті әскери атақтар беруге ұсынуға, лайықты адамдарды бос лауазымдарға орналастыру үшін ұсынуға, егер осы мәселелерді шешу үлкен командирлерге (бастықтарға) байланысты болған жағдайларда, оған бағыныстылардан келіп түскен өтініштер мен ұсынымдарды команда бойынша ұсынуға, ротаның (корабльдің) әскери қызметшілерін тиісті жабдықталыммен уақтылы қамтамасыз етуге, өз бағыныстыларының тұрмысы туралы қамқорлық жасауға және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге, олардың жеке гигиенаны сақтауын бақылауға міндетті.

  Оған бағынысты әскери қызметшілердің сыртқы келбетіне және жинақылығына, олардың әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын орындауына, керек-жарақтарды, киім-кешек пен аяқкиімді шақтап пішуге бақылауды жүзеге асыруға, жеке құрамның сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар және қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс, қызметтік жануарлармен жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, ротаның (корабльдің) қару-жарағы мен әскери техникасын, казармалық қорын, мүкәммалын, киім-кешек заттарын, техникалық мүлкін және басқа да материалдық құралдарын уақтылы алуды, дұрыс пайдалануды, сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруға, әрбір оқу-жаттығуға немесе сабақтарға шығар алдында ротаның (корабльдің) қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да материалдық құралдарын дайындауды, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтардан қайтып оралған кезде олардың бар болуын тексеруге, оқ атулар өткізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды ұйымдастыруға, батальон командирінің қару-жарақ (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) жөніндегі орынбасарына зымырандарды ұшырудың іске аспағаны, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға міндетті.

Ротаның қару-жарағы мен әскери техникасының апаттарынан, авариялары мен бұзылуларынан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға (корабль командирі одан басқа, корабльдің төзімділігі мен оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге), айына бір рет рота (корабль) жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, оқ-дәрілерін, жанармай және басқа да материалдық құралдарын есепке алу деректерін бригаданың есепке алу деректерімен салыстырып тексеруге, роталық (корабльдік) шаруашылыққа басшылық жасауға, машиналар жұмысының есебін (моторесурстар шығысын) жүргізуді және формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс жүргізуді бақылауға, апта сайын жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп пен ішкі тәртіп қорытындыларын шығаруға, белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуге, батальон командиріне бағыныстылардың мұқтаждықтары туралы, сондай-ақ ротадағы тәртіптік практика туралы баяндауға, анағұрлым қатаң жазалау шараларын қолдану туралы ұсынуға міндетті.

Рота командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: жауынгерлік даярлау бойынша сабақтарды ұйымдастыруға және сапалы өткізуге; оқу материалдық-техникалық база объектілерін, оқу-жаттығу аспаптары мен жабдығын ақаусыз ұстауға; ротадағы спорт жұмысына; әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға; сыныптық мамандарды даярлауға жауап береді.

Ол рота командиріне бағынады және ротаның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Рота командирінің орынбасары бір аптаға сабақтар кестесін жасауға қатысуға және ротаны жауынгерлік даярлауды есепке алуды жүргізуге, ротаның жеке құрамын жан-жақты білуге, бағыныстыларды құқықтық және әскери тәрбиелеу жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге, рота сержанттарымен және взводтарымен сабақтар өткізуге, взводтар командирлеріне жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыруда және өткізуде және анықталған кемшіліктерді жоюда көмек көрсетуге, ротаның материалдық бөлігін, қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалану, сақтау және жинақтау қағидаларын білуге және аптасына бір реттен жиі емес олардың бар болуы мен жауынгерлік қолдануға әзірлігін тексеруге, ротада спорттық жұмыстарды өткізуге, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстарды ұйымдастыруға, ротада әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға, тәуліктік нарядты даярлауға қатысуға және олардың қызмет өткеруін тексеруге, ротаға бекітіліп берілген аумақты тазалықта ұстауды, рота жеке құрамының өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға, ротада ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңімен қатысуға міндетті.

Қару-жарақты, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарды сабақтарға және оқу-жаттығуларға дайындауға қатысуға, апаттардан, авариялар мен бұзылулардан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға, ротаның жеке құрамынан әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауды талап етуге, ротада бар немесе оған бекітіліп берілген оқу құралдарын, аспаптарды, жабдық пен оқу материалдық-техникалық базаны дұрыс пайдалануды және сақтауды ұйымдастыруға, ротада сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі жүргізуге міндетті. Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.