Биыл Шымкент қаласында екі канал күрделі жөндеуден өтеді.

Жалпя қала бойынша 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы мақсатында, 7-еуі қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылады.
Өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруаларға ағын су үшін қолжетімділігін арттыруда «Сайрам су оң жағалау», «Көк», «Чумчак», «Сай ниже водопада», «Шымкент», Шапырашты» және «Сайрам су» оң жағалау каналдарында күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, 2023 жылы «БМК», «Сасық-1» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жауапты мамандар биыл «Ақсай-Қарабастау», «Қызыл-су», «Янгибай» каналдарының да жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстары басталатынын атап өтті.
Шымкент қаласында ирригациялық жүйелердегі ағынды суларды тиімді пайдалану жауапты басқарманының бақылауында. Бұл бойынша ирригациялық жүйелерді орнату, ұйымдастыру және каналдардың механикалық тазалау жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылып келеді.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.