Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған Герман Экономика Одағының делегаттарымен кездесті.
Кездесуде делегация басшысы Тило Клиннер германдық компаниялар цифрландыру, электр қуатын өндіру, жылыту жүйесі мен туризм саласында инвестиция салуға ниетті екендерін жеткізді.
Мәселен, Германияда энергетика саласында 15 жылдан жұмыс істеп келе жатқан «ILF Business Consult» компаниясының атқарушы директоры Адреас Линке Түркістан өңірінде жасыл экономикаға негізделген күн энергиясынан қуат өндіретін гибритті электр стансасының құрылысын жүргізіп, арнайы парк құруға дайын екендігін айтты.Ал «Bosch» кәсіпорынның өкілі Владимир Коломыцын компания жылыту жүйесіне қажетті қазандықтармен қамтамасыз етіп, қаланы сумен қамту жүйесіне толық сүйемелдеу жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, германдық «Petroline» холдингінің бас директоры Андреас Штумпф қоқысты қайта өңдеу мен су жүйесін тазартуға арналғанжабдықтармен қамтамасыз етуге ниетті екендігін айтты.
Облыс әкімі делегация өлкілдеріне алғысын білдіріп, екіжақты әріптестік орнайтынын жеткізді.
«Түркістанда қазіргі таңда бас жоспар нақтыланды, ғасыр жобасы басталды. Құрылыс, сумен қамту, жылыту жүйесі мен жол саласына инвестиция салуға болады. Арнайы экономикалық аймақтар бар, сонда зауыттарыңызды салуға болады. Германдық технологияны әлем мойындайды, сондықтан әріптестік орнайды деп ойлаймын. Бастысы, жобалар экологиялық таза, сапалы, бағасы қолжетімді болуы керек», – деді Өмірзақ Естайұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі