Ауыр салмақта британдық Энтони Джошуа мен Энди Руистің жекпе-жегі өтті. Мексикалық Энди Руис бокс әлемін дүр сілкіндірді. Жеңіліп көрмеген британдық жас Джошуаны нокаутқа жіберіп, бүкіл белбеуді майлы беліне байлап кетті. Жекпе-жек барысында мексикалық бірінші нокдаун да алған болатын. Алайда, қызуқанды Руис аяққа тұрып, қарсыласын ауыр соққысымен сұлатып, жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр.

Кездесу соңында алғаш рет жеңіліс тапқан британдық боксшы рингте көңілді сұхбат беріп, қарсыласын жеңісімен құттықтап, өз жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.