Мектептерде ашық түрде қаржы жиналатын болады. Мысалы, әр оқушы арнайы терминалға барып ақшасын төлеуіне мүмкіндік жасалмақ. Бұл пилоттық жоба Шымкент қаласындағы №80 орта мектептен бастау алмақ.
Терминалдар орнатылмай жатып ақшасын төлегісі келетін ата-аналар да бар. Бұл бастаманың басты мақсаты — білім ұяларда орын алып жатқан жемқорлықпен күресу.
Ешкімді мәжбүрлемейміз деген директор, түсетін қаржыларды мұғалімдер мен оқышулырдың мұқтажына жаратпақ ниетте. Терминалға №80 мектепке бюджеттен екі миллион теңге бөлініп те қойды. Әрине, бұл тек пилоттық жобаның бастамасына бөлініп отырған сомма. Келешекте бұл бағадарлама жақсы жұмыс атқарады деген үміттеміз.
Бұл терминалдарға түсетін қаржы ашық түрде көрсетіліп, есебі ресми түрде жүргізіліп тұрады.