Хари Кейін финалда командасының ауыр «зәкіріне» айналды
2018-2019 жылғы Чемпиондар Лигасында – «Ливерпуль» командасы 6-шы рет жеңімпаз атанды! Жартылай финалда испаниялық «Барселонаны» (5) жеңген команданың чемпион болатынына көпшілік білді. Статистика бойынша «католониялықтарды» жеңген команда чемпион болып жүрген екен.
Биылғы маусымда Роберто Пачетино баптайтын «Тоттенхэм» командасы ЧЛ-ның финалына жетуі үлкен жетістік. Бұл команданың бюджетін «Реал», «Ювентус», «Манчестер Сити», «Бавария», «Челси», «Барселона», «Ливерпуль» сынды бай клубтармен салыстыруға да келмейді. Бес жыл қатарынан «Тоттенхэм» Ағылшын премьер-лигасының төрттігінен түспей келеді. «Тоттенхэм» басшылығы трансферлік саясатта табысты ғана көздеп жүрді. Жұлдызды ойыншыларын алпауыт командаларға сатудан жалықпай келген болатын. Яғни, мықты ойыншыларды өздерінде сақтап қалуды жөн санамады. Кейіннен команданың трансферлік саясаты өзгеріп, еуропадағы жақсы ойыншыларды өздеріне сатып алуға көшкен. Дұрыс, өзгерістердің арқасында лондондықтар ЧЛ-ның финалына жетіп отыр.
«Реал», «Интер», «Милан», «Бавария», «Манчестер Юнайтед» т.б. еуропалық алпауыт командалардың қарқыны бәсеңдеп қалған. Үш рет қатарынан ЧЛ жеңіп алған испаниялық «Реалдың» биылға маусымда бір де бір кубоктің жанына жолауға шамалары жетпеді. Зенедин Зидайн біріншілік аяқаталуына жақын қалғанда командаға қайта келді. Аладағы уақытта командаға Погба, Азар, Канте, Кейін, Эриксен (екеуі «Тоттенхэм»), Иович, Мбаппе сыны біраз жұлдызды ойыншылардың келуі күтілуде. «Королдік» команданың жан қайғылық жағдайы, келесі жылы-ақ мол ақшаның арқасында түзеліп қалмақ. Жоғарыдағы ойыншылардың көпшілігінің де «Реалға» келгісі бар.
Ал, миландық «Интер» мен «Милан» еуропаның азулы командаларымен арпалысуға әлі де дайын болмауда. «Рома» мен «Наполи» командаларының шамалары топтық кезеңнен шығу ғана жетуде. «Серия А»-ның чемпиондығын бермей жүрген «Ювентус» командасы жас ойыншылар қажет етеді. Туриндіктер әзірге абыройлы ойышылармен Италияның абыройын, еуропада абыроймен қорғап жүр деуге болады. «Ювентус» соңғы ЧЛ-ның финалында екі рет сүрініп үлгерді. Туриндіктердің елеулі кубокті бастарына көтеруге сәттіліктік ұшы жетпей қалуда. Португалиялық Роналдуды сатып алған туриндіктер, әзірге өз біріншіліктерінде ғана мықты болып қала бермек.
Аңызды «Ливерпульге» АПЛ чемпиондығы 30 жылдан бері бұйыратын түрі жоқ. 17-ші рет АПЛ чемпионы атануына, 2015 пен 2019 жылдары бір ұпай жетпей қалған еді. «Мерсисайдтықтардың» еуропаның ең мәртебелі турнирында қанжығалы командалардың бірі болып саналады. Алты рет жеңіп алған «қызылдар» тізімде екінші орынға жайғасты. Ал, ЧЛ-ның Стамбулда (2005) «Миланмен» өткен кездесуі футбол тарихындағы ең үздік финалдың біріне айналды.
Биылғы Лиганың жартылай финалдық кездесулерінде сенсациялық ойындар орын алды. Жартылай финалда «ғажайып» жасаған «Тоттенхэм» мен «Ливерпуль», финалда бір-бірнен сескеніп ойынады. Ойынның басында, төреші Лористің қақпасына «пенальти» белгілеуіне тура келді. Айыпдопты мысырлық Салах нәтижелі орындады. Есеп 0:1. Ойын жеңіліп жатқан лондондықтардың иелігіне бірте-бірте ауысты. Қорғаушылар Ван Дейк пен Матип, Алиссон Беккердің қақпасына қарсыластардың шабуылшыларын жақындатпауға тырысып, өз жұмыстарын тыйянақты орындап жатты.
Финалдың екінші 45 минуттық бөлімі, көпшілік күткендей «Тоттенхэмнің» қарқынды шабуылдарымен басталды. «Ливерпульдіктер» тек қарымта шабуылға шығуды ғана ойлады (Клоптың сүйікті, дұрыс тактикасы). Толассыз шабуылдарда лондондықтар қақпаны дәл көздей бастады. Себебі, жартылай финалда лондондықтардың сапынан ерлік жасаған бразилиялық Лукас шыққан болатын. «Суықты суық қайтарады» дегендей, қарсылас командадағы отандасы Беккер жойқын соққыларға тосқауыл болды. «Ливерпульдің» «жасырын қаруына» айналған бельгиялық шабуылшы Ориги ойынап жүріп, бір гол соғып кетті. Есеп 0:2. Ю.Колоп финалдан соң берген сұхбатында Беккердің ерлігін ерекше атап өтті.
Көпшілік жанкүйер Кейінді қосалқы құрамда қалдыру керек еді дейді. Жарақатынан енді айыққан ағылшындық шабуылшы финалда көзге көрінбеді. Үміт артқан Кейіннен түк пайда келмеді. «Аякс» қақпасына үш гол соғып, командасын финалға сүйреген Лукасты негізгі құрамда шығарған дұрыс болар ма, еді. Пачетиноның финалдағы жоспарын жамандағандар көп болды. «Тоттенхэм» чемпион болып жатса, керісінше пікірлер айтылатыны түсінікті.
Екі жыл қатарынан финалға шыққан «Ливерпуль», чемпиондыққа мол тәжірибенің арқасында қол жеткізді деуге болады. Қатарынан үш дүркін чемпион атанған Зиданның да тәжірибелік басымдылығы өткен жылғы финалда көзге көрініп тұрды. Әрине, финалдағы қақпашы Карисустың қателіктері де «мерсисайдтықтарға» қосымша соққы болды. Қақпашы өрескел қателіктер жібермегенде, Рамос ойында Салахтың иыққа алып, жарақаттамағанда ЧЛ-ның 6-шы кубогі өткен жылы бұйрып қалуы мүмкін еді.
Чемпиондық ойыны бар «Ливерпуль», келесі жылғы ЧЛ-да да басты фавориттерінің бірі болып қала бермек. Соңғы жылдары АПЛ-де «Манчестер сити» екеуі ғана чемпиондықта таласқа түсіп, басқа командалардан бір бас жоғары ойын көрсетіп жүр. Биыл, Гвардиолла мен Клоптың АПЛ-гі «тақ таласы» тағы да қыза түспек. Екі команданың келер маусымда Кубоктік таласта, орындарын ауыстырып көргенері дұрыс. «Мерсисайдтықтардың» келесі жылы да ЧЛ-ның финалына дейін баруға күштері жетеді. Алайда, 30 жылдан бері бағынбай жүрген АПЛ Кубогін жеңіп алу маңызды. Юрген Клоп барлық күшін келесі жылы ағылшын біріншілігіне сарпт етпек.
А.Түйетаев