Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына ағымдағы жылдың 4 айында азаматтардан 490 өтініш түскен. Нәтижесінде 98 құқық бұзушылық анықталып, жалпы көлемі 5,1 млн. теңге айыппұл салынған. Оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілген. Бұл жөнінде Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баяндады.
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Шымкентте 18 кәсіпорыны «Халықтық бақылау» жобасын енгізді. Сондай-ақ, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero – Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұжырымдамаға 70 кәсіпорын қосылды. Дегенмен, өндіріс болғасын, жазатайым оқиғалар орын алады.
Жыл басынан бері қала аумағында 10 жазатайым оқиға орын алып, 12 адам зардап шекті. Өкінішке орай, 3 жұмыскер қайтыс болды, 8 жұмыскер ауыр жарақат алған. Тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Осыған байланысты өңіріміздегі 4 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылған. Ал сақтандыру мәселесі бойынша Шымкент қаласындағы 7558 компанияның 2538-і ғана сақтандыру келісімшарттарын жасаған.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.