Шымкентте халықаралық рейстер жанданатын болады. Бұл туралы бүгін FlyArystan әуе компаниясы және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған брифингте мәлімдеді. Еліміздегі жетекші лоукостері – FlyArystan әуекомпаниясы Шымкенттен ішкі және халықаралық, маусымдық тұрақты рейстерді жандандыратыны туралы атап өтті.

—Шымкент әуежайы бюджеттік әуекомпанияның бес хабының бірі болып табылады. Сондықтан басқа қалалармен авиациялық байланыстың сапасын арттыру мақсатында еліміздің ең шуақты қаласынан көбірек рейстерді ашуды жалғастырудамыз . Жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттарды қалпына келтіру, сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай отырып, біз қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береміз, – деді FlyArystan компаниясының сату бөлімінің менеджері Дәуір Еркінұлы.

Қазіргі уақытта билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болады. Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар брифингте шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алатындығын, рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет сейсенбі және сәрсенбі күндері орындалатындығын атап өтті.

«Шымкент келбеті»
фото Серік Қосаев

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.