Қасиетті жұма күні маңызды дөңгелек үстел өтті. Діни бостандықты нығайту мақсатында стратегиялық серіктестікті орнату тақырыбында Шымкент қаласында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мемлекеттік орган өкілдері, ҚМДБ өкілдері, Америка Құрама Штаттарынан LYNC делегациясы, Қазақстан діни бірлестіктері ассоциациясының өкілдері, Шымкент қаласының әкімдігі өкілдері және конфессия өкілдері қатысқан болатын.

Дөңгелек үстелді Қазақстан діни бірлестіктері ассоциациясының төрағасы Клюшев Александр ашып, жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Алмасұлы Әзілханов өтіп жатқан дөңгелек үстелдің маңызды және алдағы уақытта өзінің жемістерін беретінін айтты. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева конфессияаралық қарым-қатынас орнатудың, әр түрлі ұлттар мен мәдениеттердің бейбітшілікте болуының маңыздылығы туралы өз сөзінде айтып өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты діни бостандықты нығайту, конфессияаралық қарым-қатынастарды құру, конфессияаралық әлеуметтік жобаларды қалыптастыру және дөңгелек үстелдердің құрылымы, тиімділігі және халықаралық тәжірибесін талқылау, тәжірибе алмасу болып табылады. Осы тақырыптар бойынша Грэг Митчелл, Джеймс Чен, Пастор Боб Робертс, Имам Мухаммад Маджид және доктор Крис Сайпл баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.