Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы негізінде тындырымды тірліктер атқаруда.

Үстіміздегі жылдың 25 маусымындағы жағдай бойынша жастар практикасымен 1317 жас түрлі жұмыс орындарына жолданды. Жылдың соңына дейін 3000-нан астам жасты қамту жоспарланған.

Ал, қоғамдық жұмыстарға 2654 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 258 адам жолданған. Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша жұмыстар қарқын алған.

Аталған бағдарлама жүзеге асырылғалы орталық тарапынан түрлі құрылыс нысандарына жоспардағы 4190 адамның 2897 – сі жолданған.

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы негізінде алдын ала межеленген іс-шаралар аясында жоспарлы жұмыстарды нәтижелі іске асырып келеді.

Сала мамандарының айтуынша, 2020 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша Шымкентте «Жастар практикасымен» 1 317 жас түрлі жұмыс орындарына жұмысқа жолданған. Жылдың соңына дейін тағы да осы бағытта үш мыңнан астам жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Ал, орталық мамандарының ұтымды үйлестірунің арқасында қала аумағындағы қоғамдық жұмыстарға 2654 адамға, ал әлеуметтік жұмыс орындарына 258 адамға жолдама берілген. Бір сөзбен айтқанда Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша жұмыстар қарқын алған.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асқалы қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» тарапынан түрлі құрылыс нысандарына 2897 азаамтқа жолдама берген.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен жергілікті құрылыс нысандарына жергілікті жұмыссыз азаматтарды тартуға айрықша мән беріліп, жергілікті мамандарды тұрақты жұмыспен қамтуға айқын басымдық беріліп келеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.