Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылды. Агенттіктің сервистік орталықтарының жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, сервис орталығы барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.

«Біз күн сайын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың барынша өзгеріп жатқанын байқап жүрміз. Қазір басымдықтар өзгеруде, енді бюрократияға емес, азаматтардың қажеттіліктеріне ден қойылуда, тұтынушыға бағдарлану алдыңғы орында тұр. Агенттік те өз қызметінде осы қағидатты ұстанады және жемқорлықтың салдарымен күреспей, оның алдын алу үшін азаматтардың шағымдарымен жұмысқа көп көңіл бөледі» – деп атап өтті А.Шпекбаев.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.