Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды айтты.

Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана салынады. Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

Бүгінде 36 медициналық ұйымның материалдық базасы жаңартылған. 6 медициналық ұйымның ғимараттары биыл күрделі жөндеуден өткізілген.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын 300 мыңнан астам скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражаты артады.

Президент отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгіледі. Қаламызда фармацевтикалық кластер дамыған. Медицина жабдықтарының өндірісі де жолға қойылған. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге мегаполистің ә

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.