Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жаңа арнайы автокөлікпен қамтылды.

Мекемеге көлік кілтін басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова табыстап, бұл автокөлік орталықта қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында беріліп отырғанын айтты.

-Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Бүгінгі жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға арнайы автокөлік алынды. Енді ол автокөлікпен орталықтағы қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау, оларға қызмет көрсету үшін қамтылып отыр. Ал, жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен және арнайы құралдармен қамтылды,- деді басқарма басшысы.

Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I – II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта 225 мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.

Орталықта қызмет алушыларға барлық жаңдай жасалынған. Мұнда 3 медициналық бекет, 100 адамға шақталған асхана, 2 тренажерлық зал, қызмет алушыларға ыңғайлы пандус пен лифт бар.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.