Шымкентте қала әкімінің жастарды спортқа баулу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бірқатар жоба қолға алынған.

Атап айтқанда, Еңбекші ауданы аумағында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 1 спорт алаңы құрылып, тұрғындар игіліне тапсырылды.

Ал 14 спорт алаңшасын құру жұмысы қарқын алып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Тұрғындарын бұқаралық спортпен қамтуды қолға алған Еңбекші ауданы әкімдігі тарапынан құрылыс жұмыстар бақылауға алынып, сапасы мен уақытылы пайдалануға берілуін қадағалап отыр.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында және көше бойындағы ағаш бұтақтарын санитарлық кесу, тазалау, суғару және көгалдандыру жұмыстары «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан тұрақты жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен көше қиылыстарындағы жол белгілерінің көріну аумағының жасыл желектерін қырқу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізіледі. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан әрқашан бағаланып, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде.
Шаһар тұрғындарын тазалық сақтауға, табиғатқа жанашырлық танытуға шақырамыз.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.