Қостанай облысында қалдық от ошақтарын сөндіру жалғасуда. Озерное, Аманқарағай ауылдарында кей өрт ошағы әлі бықсып жатыр.

Қарағанды облысында соңғы екі тәулікте 1350 гектардай жер отқа оранған. Өңірде дала өрті өршіп тұр. Облыс аумағында барлығы 17 өрт дерегі тіркелген.

ШҚО-ның Күршім және Алтай аудандарында өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Алтай ауданында Зырян мен Быков орман шаруашылықтары төңірегінде де өрт шықты. Таулы аймақта 700 гектар жерді от шарпыған.

Ал Алматыдағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау Кеңсай тау бөктерінде, артынша Көктөбе маңында тұтанып, 3 гектар аумақты шарпыған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.